Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


Мақсатқа сену (целепологание) және оның бағалаудағы ролі



Pdf көрінісі
бет4/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Мақсатқа сену (целепологание) және оның бағалаудағы ролі. 
Мақсатқа сену бағалаудың ажырамас бөлігі. Ол басымдылықты 
анықтауға, шешім қабылдауға және жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі. 
Мақсат неғұрлым айқын тұжырымдалса, бағалау соғұрлым нақты және 
тиімді болады. Көп жағдайда мына талаптардың орындалуын ұйғарады: 
а) мақсаттың нақты тұжырымдалуы; 
-
неге жету керек екендігі айқын болу үшін нақты, ерекше болуы; 
-
мақсатқа жеткенін дәл айту үшін өлшемді болуы; 
-
қай іс әрекеттің қалаған нәтижеге апаратынын түсіну үшін қол жетімді, 
іс әрекетке бағытталған болуы; 
-
шындыққа негізделген болуы; 
-
нақты мерзімі және дұрыс құралдары болу керек. 
б) мақсатты жүзеге асырылатын тапсырмаларға бөліктеу; 
Мұғалім мақсатты тұжырымдағанда оған жететін бағыттарын жасауы керек. 
Міндеттердің қойылуы мақсатқа жету үшін қолданылатын маңызды 
шаралардың тізбегін анықтайды. 
 
в) дәлелдеу және табандылық; 



Мұғалім оқушыға қойылған мақсатқа жетуге және оған жету үшін 
барлық қадамдардың орындалуын дәлелдеуі қажет. 
г) үздіксіз бағалау 
Мақсатқа сену-белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үзіліссіз 
процесс. Барлық алға қойған мақсатты үнемі саралап отыру және қажет 
болған кезде қайта қарастыру керек. Мақсатты үзіліссіз саралап отыру 
мұғалімді үнемі басым бағыттарды айқындауға және маңызды шешім 
қабылдауға мәжбүрлейді. Орындалмаған және орындалу мерзімі үнемі 
шегеріліп отыратын мақсаттарға ерекше көңіл бөлу керек. 
Мақсатқа сену мұғалім тарапынан да, оқушы тарапынан да мақсаттың 
құрылуына мүмкіндік береді. Бірінші тәсіл - дәстүрлі оқыту үшін сипатталса, 
екіншісі – қазіргі кезде оқытудың құзіреттілігін меңгеруге байланысты 
мектеп өміріне енуде.
Оқушы тарапынан құрылған сабақтың мақсаты мұғалімге оқушының 
сабақ материалын қалай меңгергенін білуге көмектессе, оқушыға сабақта 
нені меңгеру керек екендігіне көңіл аударуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет