Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет6/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Формативтік 
(қалыптастырушы) 
және 
жиынтық 
мақсат 
арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, 



берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да 
білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық 
жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін 
оқуды 
бағалау және нақты мақсаты 
оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде 
бағалауды қолдану болып табылатын 
оқыту үшін 
бағалау арасында 
жүргізіледі. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың 
алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің 
функциясы бойынша бағалау 
жиынтық 
болып табылады және кейде оны 
оқуды бағалау 
деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе 
мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын 
мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда 
өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны 
мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді 
қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы 
мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған 
бағалау 
формативтік
бағалау, басқаша айтқанда, 
оқыту үшін бағалау
(ОүБ) 
болып табылады. 
Формативті (қалыптастырушы) бағалау
– оқушының білім алуын 
үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті 
бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол 
бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. 
Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін 
жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет