9
құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің
стандарт талабына сай болуын анықтау.
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-
тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру
тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру
стандартының мазмұнына және пәндік оқу бағдарламасына сай құрылуы
қажет.
Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалімдер әдетте
дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр
параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар
мұғалімдер өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып,
өздіктерінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: