Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет49/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Қысқартулар
ТЖ 
– топтық жұмыс;
ЖЖ 
– жұптық жұмыс;
С 
– сыныппен жұмыс;
Ж 
– жеке жұмыс;
ҚБ 
– қалыптастырушы бағалау;
ЖК 
– жетістік критерийлері. 
Дәрісті бекіту сұрақтары: 
1.Жоспарлаудың әрбір деңгейінің ерекшеліктері мен негізгі қолдану 
тәсілдерін талқылаңыздар.
2.Сабақты жоспарлаудың жаңа үдерісі несімен өзгешеленеді? 
3. ҚМЖ-ны жазудың бөлімдері қандай? 
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ 


61 
Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар
– 
білім алушылардың қабілеттерін 
ескере отырып, саралап оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын 
күрделілігі әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар
.
 
Баға
– бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет 
немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Бағалау
– оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен 
қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды 
жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі. 
Белгі 
– оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, 
әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды 
символ. 
Бағалау критерийі
– білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға 
негіз болатын белгі. Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – 
жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін 
және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді 
жүзеге асыратын электрондық құжат.
Балл қою кестесі
– тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл 
қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын 
кесте.
Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім 
алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін 
тәсіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет