Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет37/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 
1. 
Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі дегеніміз не?
 
2.
Оқушылармен тиімді кері байланысты ұйымдастыруға мысал келтір.
 
3. Өлшемдік бағалаудың функцияларына тоқтал. 
 
9-Дәріс.
Оқушы портфолиосы 
 
 Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Портфолио қолдану және сипаттамалары туралы түсінік. 
2.Портфолионы бағалау жолдары. 
3. Портфолио толтыру кезеңдерi мен түрлері. 
Білім алушылардың ілгерілеуін қадағалау мақсатында мұғалімдер 
оқытудың белгілі бір кезеңінде орындалған жұмыстарды сақтауы қажет. 
Білім алушылардың портфолиосы бағалау нәтижелерінің анықтығы мен 
дәлдігін арттыруға бағытталған.
Портфолио - бағалау тәсілі ретінде алғаш 1980 жылдары АҚШ-та 
қолданылды. 
Портфолио ұғымы итальян тілінен аударғанда «құжаттар салынған 
папка», «маман папкасы» деген мағынаны білдіреді. 
Портфолио -
бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс 
жинағы, оқушының жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын және бір 
немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді. 


48 
Кілтті (түйіндік) кезеңдер: 
•Қарастырылатын материалдың мазмұнын таңдаудағы оқушының 
қатысуы. 
•Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер. 
•Ойластырылған бағалау белгiлерi. 
•Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) 
дәлелдер. 
Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, 
жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының өсуі мен 
дамуын көрсететін оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады. 
Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы шет тіліндегі 
сөздіктерді саралай отырып, оның төмендегідей мағыналар беретінін 
анықтадық: 
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру; 
2) бет, қағаз; 
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы. Яғни, 
портфолио дегеніміз тұлғаның қандай да бір ерекшеліктерін уағыздайтын, 
нақты бір мақсатты жүзеге асыруға байланысты құжаттармен безендірілген, 
оның жетістіктерінің дәлелі бола алатындай мағлұматтар жинағы.
Оқушылар портфолиосының түрі оның мақсатына, мазмұнына қарай 
бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет