57
Олар туралы не білесіңдер?
Ертегінің өзіндік белгілері қандай?
Оқушылар ертегі мазмұнымен танысады.
Т. «Пазл әңгіме»
Топтарға ертегі бөлімдері қиылып таратылады.
Оқушылардан берілген бөліктерден әңгіме құрауы сұралады.
Соңында оқушылар өз жұмыстарын жалпы сыныпқа немесе топтарға
ұсынады.
Ертегінің қорытынды бөлімін бермей, оқушылардың өздеріне аяқтауға
мүмкіндік беруге болады.
Қалыптастырушы бағалау.
Т. «Суретті әңгімеле».
Ертегідегі бір кейіпкерді бейнелейтін сурет
алынады. Оқушыларға сурет көрсетіледі және оның сипаттары сұралады.
Суретте ертегі кейіпкерінің басынан өткен қандай оқиға бейнеленгені,
келбеті түсіндіріледі.
Оқушыларға проектор арқылы немесе парақшаларда түйінді сөздер
тізімін беріп, топтарда сол сөздерді пайдалана отырып, кейіпкер образын
ашуға жетелейді.
Сабақ тақырыбына кіру үшін ертегілер бойынша иллюстрациялы
суреттер, т.б. материалдарды көрсету арқылы ойқозғау сұрақтарын қоюға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: