Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет42/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Портфолионың түрлері: 
Портфолионың әр түрі бар, олардың 
әрқайсысы оқытуда және бағалауда бағдарламаның бiр бөлiгi сияқты 
нақтылы мақсаттарға қызмет көрсете алады. Портфолио түрлерiнің төменде 
келтiрiлген тiзiмi ғылыми әдебиетте жиi берiледi: 
Құжатты немесе «жұмысты» портфолио: 
Ол нақтылы мерзiм 
iшiндегі iрiктеп алынған жұмыстарды жинақтайды және жоспарланған 
нәтижелеріне қарап оқушының табыстарының өзгерiсiн көрсетедi. Құжатты 
портфолио барлық мидағы жазылған идеялардан, жобалардан және 
оқушының толық бiтiрiлген жұмыстарын қамтиды (презентация, шығарма, 
эссе тағы сол сияқтылар). Портфолио материалдары нақты бір бiлiм беретiн 
мақсаттарға бағытталғанда ғана мағыналы болып қалыптасады. Портфолиоға 
күштi және әлсiз жұмыстар да кiре алады. 
Портфолио процесі: 
Мұндай портфолио барлық тұрғыларды немесе 
оқытудағы процесстiң фазасын құжаттайды. Бұл портфолио түрі барлық оқу 
процесін құжаттауға келгенде өте пайдалы. Ол оқушының бойына сiңiрген 
нақтылы бiлiмін немесе дағдыларын және негiзгi деңгейден жоғары деңгейге 
алға басуын көрсете алады.
«Портфолио процесі» оқушының рефлексиясын оқу туралы процеске 
күшейтедi. Мұндай портфолио ойлау күнделiктерiнің, жазылған идеялардың 
және тағы басқа оқушы рефлексиясының қолданылуын ескередi. 
Демонстрациялық (көрсетпелі) портфолио. 
Бұл портфолио түрі 
суммативті бағалауда өте көп қолданылады. Ол мұғалім мен оқушылардың 
таңдап алған жақсы жұмыстарынан тұрады. Тек қана толық аяқталған 
жұмыстар осы портфолио түріне кiредi. Бұл портфолио түрін көбінесе 
көрнекiлiк құралдарымен толықтырады: фотосурет, бейнежазбалармен, 
компьютер арқылы есептелген нәтижелермен. Демонстрациялық портфолио 
оқушының қандай жұмыстарды осы портфолио түріне еңгізетіні туралы 
шешім қабылдауда жазған ойларынан тұрады.
 
Дәрісті бекіту сұрақтары: 
1. Оқушылардың портфолио құрылымына тоқталыңыз. 
2. Портфолиян


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет