Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет44/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

 Қысқа мерзімді жоспар:
-оқытуды ұйымдастыру үдерісін анықтайды: жаппай оқыту, топтық, 
жұптық жұмыс, жеке жұмыс;
-оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады;
-бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушымен оқу 
мақсатына жету туралы кері байланысты береді.
Оқушылар мен мұғалімдердің сабақ барысында жететін мақсаттарды 
бірыңғай түсінуі маңызды. Бірыңғай түсінікті қолдау үшін мұғалімдер әр 
түрлі стратегияны пайдалануы мүмкін:
-сабақты оқушыларға түсінікті тілде беріп оқу мақсаттарын талқылау;
-сабақ барысында және сабақ аяғында көңіл аудару үшін тақтаға оқу 
мақсаттарын жазу;
-сабақ барысында шағын топтар /жеке оқушылармен берілген оқу 
мақсаттарының прогресін талқылау;
-оқу мақсатына қатысты кері байланысты беру;
-сабақ басында жазылған оқу мақсаттарына рефлексия жүргізу үшін 
сабақ аяғында уақыт қалдыру;
-оқу жоспарында ұсынылатын жұмыс мысал ретінде берілген, және 
мұғалім жұмыстың балама түрлерін қолдана отырып оқушыларды бағалай 
алады.
Бөлім атауы: 
Таза, мінсіз асыл сөз


56 
Меңгерілген білімді дамыту. 
Бөлімде қалыптастырылған білім, білік, 
дағдыларын жетілдіре отырып, оқушылардың оқу, зерттеу, креативті және 
сыни ой айту дағдыларына негізделген. 
Бөлімнің негізгі мақсаты

жанрлық ерекшеліктеріне, көркемдік 
сипаттарына жан-жақты талдау жасау арқылы халық ауыз әдебиеті мұралары 
мен жыраулар поэзиясын меңгерту. 
Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының тізімі:
5.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік 
дамуын сипаттау. 
5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. 
5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті 
арқылы образын ашу 
5.Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп 
оқу, жатқа айту 
5.А/И1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен 
қарама-қарсы суреттеулерді табу
5.А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. 
5.А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, 
эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын 
анықтау. 
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең 
жазу. 
5.Б/С1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау. 
5Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет