Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет52/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Жиынтық жұмыс
– белгілі бір оқу кезеңінде пән бойынша оқу 
жетістігі деңгейін анықтауға негізделген білім алушының жұмысы.
Критериалды бағалау
– белгіленген критерийлер негізінде білім 
алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін 
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Қалыптастырушы бағалау – оқу 
үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім 
арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін 
бағалаудың түрі.
 
Модерация 
– бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін 
қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау 
бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
– әрбір деңгейі ойлау дағдыларын 
анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық 
өзара байланыстағы жүйесі.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы
– нақты пән бойынша оқу 
мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін 
құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Оқу мақсаттары
– оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу 
курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін 
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Оқытудың күтілетін нәтижелері
– білім алушының оқу үдерісі 
аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын 
құзыреттіліктер жиынтығы.
Рефлексия 
– қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау 
жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика
– бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу 
жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
– тоқсандық 
жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны 
өткізуге қойылатын талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет