Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты



Pdf көрінісі
бет7/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты
- оқу процесі 
арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып 
табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің 
немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы. 
Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету 
процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде 
өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары 
дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. 
Формативті бағалау: 
* күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті) 
* оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады. 
Суммативті (қорытынды) бағалау 
белгілі бір уақыт аралығында 
тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-
әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға 
арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері 
бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды 
бағаны анықтауға негіз болады. 
Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсаты
- белгілі бір уақыт 
аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, 



құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің 
стандарт талабына сай болуын анықтау. 
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-
тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру 
тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру 
стандартының мазмұнына және пәндік оқу бағдарламасына сай құрылуы 
қажет. 
Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалімдер әдетте 
дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр 
параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар 
мұғалімдер өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, 
өздіктерінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет