Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет88/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

23.Дұрыс емес пікір. 
Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды 
қолданыңыз. 
Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» 
фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының 
дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.
Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру 
болмайтын атмосфера орнатады.
«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап 
көрейік...».
24.Сұрақ құрастыру. 
Мынадай:

Жалпыға түсінікті қате ұғамдарға қарсы шығатын; 

Талқылауды талап ететін дайу тудыратын; 

Екіұштылықты зерттейтін және талқылау мен айқындылық енгізуге 
көмектесетін сұрақтар құрыңдар 
25.Оқу күнделігі. 
Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы 
және ол бойынша шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл 
сыныпқа арналған тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі 
мүмкін
26.Қайтадан құрастыру. 
Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту үшін 
қолданыңыз. Бұл оқушыларға жақсартуға бағытталған кері байланысқа назар 
аударуға мүмкіндік береді. Бұл үдеріс сонымен бірге кері байланыстың 
құнды екендігін қуаттайды және оқушыларға қолайлы атмосферада жұмыс 
істеуге мүмкіндік береді.
27.Түйінді сәттер. 
Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша 
тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан 
тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын.
28.Жақсарту жөніндегі нұсқаулық. 
Оқушылардың жұмысына 
түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде 
нұсқаулық беру үшін қолданыңыз. Оқушылардан сыныптастарының 
жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, 
үдерісті дамытыңыз. Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен 
қалай ерекшеленетінін талқылаңыз (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет