Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет90/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

35.Құрастыр және жауап бер. 
Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз 
сұрақтарын құрастырады да, сосын соларға жауап беріп жаттығады. 
Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған 
материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және функция!
36.Оқушылардың бағалау сызбасы. 
Оқушылардан топпен немесе 
жекелеп баға қою сызбасын жасауды сұраңыз. Кейін олар осы сызбаға сәйкес 
өзінің немесе сыныптасының жұмысын бағалай алады. Оқушыларға бағалау 
сызбасының мақсаты пайымдау, шолу, стандарттау, т.б. екенін түсіндіріңіз.
37.Топтық жауаптар. 
Оқушылар жауаптарды келісу үшін шағын 
топтарда жұмыс істейді – тестілер қайталырған жағдайда немесе кез келген 
басқа жағдайда. Келісу үдерісі жауаптың дұрыстығын талқылауды, сондай-ақ 
түсініспеушіліктер мен қате жауаптарды теріске шығаруды қамтиды.


97 
38.Сөйлеу арқылы ойлану. 
Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, 
сол арқылы білім алуға көмектеседі. 
Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды 
ынталандырыңыз: 
- талқылауға арналған жаттығу;
- құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс; 
- мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл 
сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын 
арттырады).
39.Сұрақты төңкеріңіз. 
Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты 
қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз. 
Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ. «Демократиялық 
ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады. 
40.X және Y 
Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз, 
мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі сүт 
қоректілердің үлгісі болып табылады? Осылай құрылған сауал фактілердің 
қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет