Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет92/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

48.Кері байланыс бутерброды. 
Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен 
берілуі мүмкін. Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл: 
1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан 
тағы да жағымды пікір білдіру; 
2) Жағдаяттық мәлімдеме – 
Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы ..... 
49.Не жақсы? 
Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын 
жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге 
болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай 
сұрақтарды қолданыңыз: 
Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?»
«Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»
«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз 
бе?»
«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»
50.Өзін өзі бағалау. 
Өзін өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп 
жатқанымызды білдірсе, өзін өзі бағалау дегеніміз біз 
оқып жатқан нәрсе

Балаларды өзін өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз: 

Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз

Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып 
көрінді?

Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?

Сіз не үшін разысыз?

Сіз Х туралы не білдіңіз?

Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру 
үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі өзіне қалай талдау 
жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді. 
51.«Жақсы» сұрақ деп нені айтады? 
Оқушылармен «жақсы» сұрақ 
ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және жабық сұрақтардың арасындағы 
айырмашылықтарды анық түсінуге мүмкіндік береді. Одан кейін олар 
тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және олардың қайсысы жақсы 
болғанын шеше алады, одан кейін сұрақтардың жауаптарын талқылауға 
ауысады.


99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет