Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет94/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

58.Жақсы сұрақ негіздері. 
Неліктен...?


100 
Егер... болса қалай?
Сіз қалай ...?
Сіз .... түсіндіріп бере аласыз ба? 
... не болуы мүмкін? 
59.Оқуды реттеу. 
Оқушылар қайсыбір жаттығуды орындап жатқан 
кезде бөлмеде қозғалып жүру мұғалімге оқу үдерісі туралы ақпарат жинауға, 
бағалаудың әр түрлі стратегияларын қолдануға және қажет жерлерде 
үдеріске араласуға мүмкіндік береді.
 
60.А Ә Б В. 
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В 
әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын 
дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар 
дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан 
қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
61.Неліктен бұл үздік? 
Үй жұмысы ретінде оқушылардан өзінің жақсы 
деген жұмысын таңдауын және не үшін олай ойлайтынын сұраңыз. Мұндай 
түсіндіру кезінде оқушы табыс критерийлеріне, деңгей, мақсаттарына және 
т.б. сілтеме жасай алады.
62.Көрсет және әңгімеле. 
Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға 
мүмкіндігі болатындай және оны тез арада сізге (сыныптастарына) 
көрсететіндей етіп, шағын маркер тақтасын қолданыңыз.
63.Белсенді оқушылар. 
ОүБ-нің кілті оқушылардың белсенділігі, 
олардың оқу үдерісіне тартылуы болып табылады. Керісінше емес, аталған 
осы мақсатқа қол жеткізу үшін оқу мазмұнын қалай пайдалануға болатынын 
ойлаңыз. Егер оқу мазмұны қызықсыз болып көрінсе, анағұрлым қызықты 
және көңілді тәсілді қолданыңыз.
64.Ұзақ мерзімді және Қысқа мерзімді. 
Үдерісті үлкен суретпен 
байланыстыру үшін оқушылар ұзақ мерзімді мақсатты да, қысқа мерзімді 
мақсатты да белгілей алады. Қысқа мерзімді мақсаттар әр аптаны немесе әр 
екі аптаны, ал ұзақ мерзімді мақсаттар тоқсанның соңын қамтуы мүмкін. 
Ұзақ мерзімді мақсаттар оқушылар мен мұғалімдердің қысқа мерзімді 
мақсаттарына сенімділік беруі мүмкін. Бұл сонымен қатар оқушыларға 
назарын шынымен де пәнді оқуға ынталандыратын нәрсеге аударуға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет