Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары



Pdf көрінісі
бет96/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«БАҒАЛАУДЫҢ ӨЛШЕМДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» ПӘНІНЕН 
СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 
Межелік бақылауға арналған тапсырмалар 
1-нұсқа 
Жоба әзірлеу тапсырмасын орында. 
Ұсынылатын тақырыптар: 
«Қазақ халқының ұлттық киімдерін қазіргі 
кезде қалай сәнге айналдыруға болады?» «Қазақ халқының ер адамдарға 
арналған ұлттық киімдері» «Әйел адамдар киетін қазақ ұлттық киімдеріне 
және ондағы жас ерекшелігіне байланысты детальдер» тақырыбында шағын 
жоба әзірлеңіздер.
ҚБ.
Өзара топтық бағалау.
Бағалау критерийі:
1. Тақырыптық жоба ұсынады; 
2. Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, 
қорытындысы бар); 
3. Кемінде 1 мақал-мәтел, 1 теңеу,1 тұрақты тіркес қолданады. 
2-нұсқа 
Мәдениет: тіл және қарым-қатынасқа орта мерзімді жоспар жасау. 
Топтық, жұптық жұмыста формативті бағалау түрлерін жүргіз. Мысалы, «Екі 
жұлдыз бір тілек», «Бес саусақ», «3-2-1», ауызша, жазбаша бағалау.
3-нұсқа 


103 
Жұптық әңгіме. Тыңдалым тапсырмасын, Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 
ұйымдастыру.
Телефонмен сөйлесу мәдениеті дегеніміз не? деген сұраққа талқылау 
жүргізіңіздер.
Телефонмен сөйлесу барысында адамдар жиі қолданатын сөздік бірліктер, ол 
қаншалықты дұрыс қолданылады?
Қоғамдық орындарда телефонмен сөйлескенде сіз адамдардан нені 
байқадыңыз? Қоғамдық орындардағы сөйлесу мәдениеті сақталған ба?
Телефонмен сөйлесу мәдениетінің ережесін жасаңыздар. (Маңызды 2 ережені 
ұсынған парақшаға жазады)
Қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет