101
Жалғастыруға
дайынмын
Бір нәрсе түсінемін, бірақ
бәрін емес
Түсінбеймін,
қайталап
қарау қажет
68.Шаршылар.
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге
шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса,
шаршыны қызыл
түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға
түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.
69. Түсініксіз тармақ.
Оқушылар өздеріне онша түсінікті
емес бір
немесе екі тармақты жазады. Бұл өткен сабақта оқылған материал,
қалған
бөлімнің, алдыңғы жаттығудың материалы және т.б. болуы мүмкін. Содан
кейін мұғалім мен сынып осындай тармақтарды түсіндіру
жолдарын
іздестіреді.
70. Бір сөйлеммен түйіндеу.
Оқушылар олардың тақырып бойынша
білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан,
неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін
сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе
көшіріп жазады, т.б.