Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Аз уақытта осындай үлкен жетістіктерге жетуінің сыры неде?



Pdf көрінісі
бет110/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

97. Аз уақытта осындай үлкен жетістіктерге жетуінің сыры неде? 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өте ұшқыр ойлап, жылдам шешім 
қабылдайтын. Ешбір ісі сәтсіздікке ұшыраған емес. Ұхұд пен Хүнәйінде 
жеңіліп тұрған жерінен әскеріне жеңіс сыйлай білгені ешбір қолбасшының 
үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Бойында сарқылмас жігер бар, жаратылысынан 
ер мінезді еді. Жалғыз өзі әлемді өзгертуге бел буып, Аллаһқа арқа сүйейтін. 
Ел ішіндегі жекелеген адамдар да, іргеге келіп ат ойнатып тұрған қалың қол 


да оны мүлде састырмайтын. Кейде соғыс барысында әскер ыдырай 
бастағанда, жалғыз өзі жауынгерлерге рух беріп, алға ұмтылатын. Мұны 
көрген сахабалардың да үміті қайта жанданатын.
Елді бұрын-соңды ондай адам басқарған емес. Кейде уақыттан тәуелсіз 
кетіп, болашақты болжап отыратын. Бойында сенімсіздік кездеспеген. 
Сахабалардың әрбірі «Пайғамбарымыздың ең жақсы көретін адамы мен 
екенмін» деп сенімді түрде ойлайтынындай жұрттың бәріне мейірімді еді.
Қанша қиындық көрсе де жасымаған. Жалғыз өзі жүріп Аллаһты 
түсіндіру керек болғанда да сары уайымға салынбай, мүжілмей, істі аяғына 
дейін абыроймен алып шыққан.
Меккеде дінді алғаш жая бастағанда өзін-өзі қалай ұстаса, қоштасу 
құтбасында жүз мыңдай нөпір халық аузына қарап тұрғанда да сол әуелгі 
қалпынан өзгермейтін, өйткені оның іс-әрекеті көрер көзге емес, Аллаһтың 
разылығы үшін жасалатын.
Аллаһ елшісі үшін соғысу мұрат емес, амалы таусылғанда қолданған 
шарасы ғана. Оның әрбір істі алдымен жоспарлауы – күллі жетістігінің негізі 
десек қателеспейміз. Ақылдасу да ол үшін өте маңызды еді. Уақыттың 
қадірін жақсы біліп, ысырап етпей орынды қолданатын. Мысалы, Хандақта 
уақытты соза-соза қыс түсіп, ақырында Меккеліктер сол жерден кетуге 
мәжбүр болған. Майдан алаңын тастай қашу сахабаларда ешқашан орын 
алған емес.
Сахабаларының мәселелерін шешуге әрдайым дайын тұратын. Ең 
бастысы, айтқанын бірінші болып өзі істейтін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет