Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Соғыс кезінде қандай тәсілдер қолданған?



Pdf көрінісі
бет109/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
96. Соғыс кезінде қандай тәсілдер қолданған? 
Барлық салада озықтығымен қара үзген Аллаһ елшісі соғыс өнерін де 
жетік білген. Бір рет қолданған әдісін екінші рет ешқашан қолданбаған. Сол 
үшін дұшпандары әрдайым онымен бетпе-бет кездескенде тайсақтай беретін. 
Кейінгі уақыттарда кеңінен қолданылған, бірақ ол дәуірде онша таныла 
қоймаған шегіне отырып кенет шабуылдау, басып кіру деген әдістер ол 
күндері Құрайышқа беймәлім болатын. 
Бәдірде де дұшпандарына қарсы осындай сан қырлы тәсілдерді 
қолданған. Дұшпанның сан жағынан көптігі, бес қаруының сай болуы бәрібір 
олрды жеңіске жеткізе алмады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көбіне ешкімге білдірмей қозғалатын. Оның 
ойластырып жүрген айла-тәсілдерін жауы түгіл қасындағылар да біле 
бермейтін. Қайда бара жатқанын күні бұрын жарияламайтын. Мысалы, 
Меккені аларда бір күндік жол қалғанға дейін меккеліктердің де, қасындағы 
адамдардың да анық хабары жоқ еді. Он мың адам бірдей от жаққанда ғана 
мүшріктер қиын жағдайға тап болғанын бір-ақ түсінеді, бірақ бәрі кеш, барар 
жері, басар тауы қалмаған.
Алдын-ала барлаушыларды жіберіп хабар алу да ол кісінің әдістерінің 
бірі. Жер-жердегі осындай адамдары хабарды дер кезінде жеткізіп 
отырғандықтан, Пайғамбарымыз (с.а.с.) қапы қалмай шара қолданып отырды. 
Ал өзінің сақтығына келетін болсақ, ешкім де мұсылмандардың ішіне кіріп 
жоспарын білген емес. Бір рет Хатиб ибн Әбу Бәлта кішігірім қателік жасап, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Меккеге аттанғалы жатқанын жеткізіп бармақ 
болады, бірақ жолда ұсталады.
Ешқайда қонбай суыт жүріп отырғанның өзінде он күндік уақыт 
кететін Сирияға хабаршысы сегіз күнде жеткенін естігенде, бәрі таң қалатын. 
Сөйтсе Пайғамбарымыздың жіберген хабаршысы Мәдинадан шығып бір күн 
жүргеннен кейін хабарды жеткен жеріндегі алдын-ала белгіленген адамға 
тапсырады екен. Ол тапсырманы алып ары кетеді. Бір күн жүргеннен кейін 
үшінші біреуге барып жеткізеді. Осылайша мінген көлігі де болдырмай, 
өздері де шаршамай хабарды уақытынан бұрын жеткізетін. 
Шама келгенше мәселені бейбіт жолмен қан төкпей шешуге 
тырысатын. Құран да оған «Егер олар сөзге келетін болса, сен де келіс. 
Аллаһқа тәуекел ет» деп пәрмен берген. Барлық істің алдын алып, сақтық 
жаса, бірақ Аллаһқа тәуекел етуді де ұмытпа дегендей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет