Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет117/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
« Мұхаммед тек елші ғана, 
одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер 
бұрын табынғандарыңа қайта ораласыңдар ма (қайта кәпір боласыңдар 
ма ?)
(«Әли Имран» сүресі, 143-аят) .
Барша халық бұл аятты Әбу Бәкірден алғаш рет естігендей болды. 
Омар (р.а.) былай дейді: «Аллаһтың атымен ант етейін, бұл аятты Әбу 
Бәкірден алғаш естігендеймін. Ол аятты естір-естімес мән-жайды түсіндім де 
толық сендім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қайтыс болды, буыным босап, жерге 
отыра кеттім (Бұхари) .


104. Жаназасы қалай шығарылған? 
Қайтыс болғанда мәйітін жуу үшін ағасы Аббас, Али ибн Әбу Тәліп, 
Фадл ибн Аббас, Ұсама ибн Зәйд, Күшәм және азат еткен құлы Салих бар еді. 
Бұлармен қоса, Бәдір соғысына қатысқан ансар Әнас ибн Әбу Хаул да 
Алиден қайта-қайта өтініп жуындыруға кірген еді.
Хазірет Али (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүбәрак тәнін көйлегінің 
сыртынан жуып жатты. Аббас, Фадл, Күшәм Сардарды (с.а.с.) жуындыруға 
ыңғайлап ұстап тұрды да, Ұсама мен Салих су құйып тұрды. Сол кезде 
хазірет Али: «Әкем мен шешем сенің жолыңда құрбан болсын, пайғамбарым, 
тірі күніңде қандай таза болсаң, көз жұмсаң да сондай тазасың!» – деді.
Хазірет Айша (р.анһа) осыған қатысты мынаны ай- тады. 
«Пайғамбарымыздың мәйітін жуу жайлы жұрт түрлі пікір айта бастады. 
Үстіндегі киімді шешу керек пе, жоқ па деп дағдарып тұрғанда барлығының 
көзі кенеттен ілініп кеткендей болды. Сол-ақ екен анадай жерден бір адам 
көрініп Аллаһ елшісі (с.а.с.) киіммен жуылатынын айтты. Жұрт киімін 
шешпестен жуындырып болғаннан кейін үш бөлек ақ матаға орады. Он сегіз 
мың ғаламның сардары, күллі адамзатқа асыл дінді алып келген ақиық 
елшінің бұл фәниден әкеткені осы ақ мата ғана еді.
Қайтыс болған адамның артынан ең соңғы жа- салатын міндет – дұға 
ретінде жаназа намазын оқу. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаназа намазында 
да бір кісі имамдыққа өтіп намаз оқытуы керек болды, бірақ бұл жолы ешкім 
де Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаназа намазын жұртқа имам болып тұрып 
оқытуға жүрегі дауаламады. Ақырында, жұрт бір-бірлеп кіріп, өздері оңаша 
оқып-шығып жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет