108. Артына мирас қалдырған ба?
Пайғамбарымыз (с.а.с.) артына дүние қалдырмаған. Өмірінің соңғы
сәттерінде хал үстінде жатқанда бір алтын теңгесі ғана бар еді. Оны да садақа
етіп беріп жібереді. Жұбайы Хадиша анамыздың (р.а.)
бастапқыда дәулеті
мол еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығын Аллаһ жолында жұмсаған. Одан
кейін де жаугершіліктен түскен олжа мен жер-жерден келген сыйлықтарды
бір күн де қолында ұстамай елге үлестіріп беретін. Жегені – арпа бидайынан
ашытып пісірілген нан. Бірде үйінде тіске басарлық азық таппай, бір яһудиге
сауытын беріп аздаған бидай алған еді. Кейін сахабалар жаңағы яһудиге
сұрағанын беріп сауытты әрең сатып алған. Кедейлікпен күнелткені өз
алдына, бай болған күннің өзінде байлығының
бір бөлігін де ұрпағына
қалдыра алмас еді, өйткені бір сөзінде: « Біз,
пайғамбарлар қауымы,
артымызға мұра қалдырмаймыз. Қалдырған малымыз садақа болады », –
деген-ді. Олардың қалдыратын мұрасы үйреткен діні, көрсеткен сүннеті,
ахлағы мен сарқылмас ілімі болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: