байқатпастан келіп Пайғамбарымыздың артына намазға тұрдым. Аллаһ
елшісі «Фатиха» сүресінен кейін «Бақара» сүресін оқи бастады. Мен ішімнен
«Бақара» сүресінің жүзінші аятында рукуғқа баратын шығар деп ойладым.
Алайда менің ойлағанымдай болмады. Пайғамбарымыз «Бақара» сүресін
бітіріп («Бақара» сүресі 286 аяттан тұрады), әрі қарай «Ниса» сүресін оқыды.
(«Ниса» сүресі 176 аяттан тұрады) «Ниса» сүресін тамамдаған соң, «Әли
Имран» сүресіне өтті («Әли Имран» сүресі 200 аяттан тұрады). Салмақты, бір
әуезбен мағыналы қалыпта оқи берді, оқи берді...Тасбих аяттарын оқығанда
«субханаллаһ» дейді, дұға аяттарын оқыған сәтте дұға қылады.
Жалбарынатын аятты оқыған кезде Аллаһқа жалбарынады. «Әли Имран»
сүресінен кейін рукуғқа барып «субхана раббиәл-азим» деді. Рукуғы да
қиямына ұқсас. Рукуғтан кейін тік тұрып, «Самиаллаһу лиман хамидаһ» деді.
Тік тұрғандағы уақыты да рукуғдағы уақыты секілді еді. Осыдан кейін
сәждеге барып: «Субхана раббиәл-ағла» деді. Сәжделері де ұзақ еді (Юсуф
Кандаһлауи, 1435 б) . Әрине, бұл жеке оқыған намазы. Мұнша беріле намаз
оқып жүріп еш уақытта намаздан шаршағанын білдірген емес.
Хазірет Айша анамыз Пайғамбарымыздың оқыған намазын сөзбен
жеткізе алмай: «Оның қиямда тұруын сен сұрамай-ақ қой, мен айтпайын!» –
деп таңғалысын білдіретін. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) рукуғта, сәждеде, қиямда
ұзақ тұрғанын осылай айтқан (Бұхари, Таһажжуд, 16; Мүслим, Мусафирин,
125) . Тіпті Айша (р.анһа) анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намазды өте
ықыласпен, жылап та, жалбарынып та оқығанын тілге тиек етіп: «Аллаһ
елшісі Біләлдің азан шақырған даусынан оянатын. Дәрет алып, мешітке
барар жолда шашы мен жүзінен су тамшылап тұратын. Имамдыққа тұрып,
намаз оқытқанда көбінесе жылап тұрғанын еститін едім...» – деген.
Мутаррифтің әкесі риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыздың намаз
оқығанын көрдім. Намазда жылағаны соншалықты – тасты диірменге салып
үгіткендей көкірегінен ауыр бір дыбыс естіліп тұрды» (Хафи әл -Мунзири,
Тарғиб уа тархиб 1/500) – деп жалбарына намаз оқитынын айтқан.
Пайғамбарымыз намаз бастағанда жанындағы сахабалар оның
көкірегінен қайнаған қазанның даусындай бұрқылдаған дыбыс еститінін
айтқан (Қади Яаз, Китабу -Шифа би хуқуқи мұстафа 112 б.) . Бұл да оның
(с.а.с.) жүректен, бар ынтасымен намаз оқитындығының белгісі.
Умәйрұлы Үбәйд Айша анамыздан: «Аллаһ елшісінің ең таң
қалдыратын ісін айтыңызшы?» – деп өтінгенде: «Оның қайсы ісі таң
қалдырмады десеңші?!» – дейді де: «Бір түні бөлмеме кірді де, төсегіме
жайғасты. Сонан соң: «Ей, Айша, маған рұқсат бер, Раббыма құлшылық
жасайын», – деді де, дәретін жаңартып, намазға тұрды. Намазда жылағаны
соншалық – көз жасы көкірегіне тамшылап жатты. Рукуғқа барғанда да,
сәждеге бас қойғанда да ұзақ уақыт жылады. Аллаһ елшісінің жылауы таңғы
намаздың уақыты кіріп, Біләл азан айтқанға дейін созылды». Сонан соң: «Уа,
Нәби! Аллаһ сенің өткен және болашақ күнәларыңның бәрін кешірді ғой.
Неге мұншалықты таусыла жылайсың?» – дегенімде, ол «
Аллаһқа шүкір
қылған құл болмаймын ба ?
» (Мүснәд 169/93, 111 б) және «Аллаһ тағала
мына аятты түсірсе, қалайша жыламайсың:
Достарыңызбен бөлісу: