Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


Сол кезде сен оларға Аллаһтың рақымымен, жылы



Pdf көрінісі
бет40/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

Сол кезде сен оларға Аллаһтың рақымымен, жылы 
шыраймен қарадың. Егер тұрпайы, қатал жүректі жан болғаныңда, 
сөзсіз, олар айналаңнан тарқап кететін еді
» («Әли Имран» сүресі, 159) .
Айша анамыз жеткізген бір хадисте Расулаллаһ (с.а.с.): « 
Аллаһ тағала 
маған парыз амалдарды орындауды бұйырғаны секілді адамдармен тату-
тәтті өмір сүруге бұйырылдым
», – деген. Тағы бір риуаятта Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) Әбу Умаманың қолынан ұстап: « 
Ей, Әбу Умама! Шындығында
мүміндердің арасында жүрегі маған жібігендері бар
», – деп өзінің 
жұмсақтығының арқасында қаншама мұсылманның Аллаһ елшісі үшін 
жанын құрбан етуге дейін баратындығын білдірген. Бұл шындықты Құран 
кәрім: « 
Шынында, сендерге өз араларыңнан бір пайғамбар келді, 
сендердің қиналуларың оған қатты батады. Ол сендерге ынтық
мүміндерге аса еміренгіш, мейірімді
» («Тәубе» сүресі, 128-аят) деп, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүміндерге деген мейірімінің шексіздігін айтып 
сипаттаған. Олай болса, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аса мейірімді, жанашыр 
болуы Жаратушының мүмін құлдарына жасаған үлкен нығметі(75 Тафсир, 
Ибн Касир) .
Уақыт, мүмкіндік, ыңғайлы жағдай керек ететін бірнеше мәселеде бір 
адамның ең үлкен, ең тамаша мінез-құлыққа ие болуы, көп қасиетті қатар 
ұстап жүре алуы оның пайғамбарлығының алып шоқтығын аңғартады.
34. Әзіл айтатын ба еді? 
Мүминнің әзіл айта білуі, жалпақ жұртқа қуаныш сыйлай алуы жақсы 
қасиет, бірақ жұртты күлдіру бір бөлек те, күлкі болу мүлде бөлек. Оның 
үстіне айтқан әзіліңіз даңғойлыққа, арсыз күлкіге негізделмей, орынды, ойлы 
қалжың болғаны дұрыс. Орынды әзіл айту кісіні ойлануға апарады. Бұл 
дегеніңіз кісінің тапқырлығы мен ой-өрісінің жоғарылығына байланысты. 
Дарақы әзіл мен арзан күлкі кісіні ессіздікке, жүрегінің қараюына алып 
келеді. Кейде кісіні ренжітіп алуға да себеп болып жатады. Пайғамбарымыз 


(с.а.с.) кісінің көңіліне келетін, Аллаһты ұмыттыратын күлкіге тыйым салған. 
Өзі әрдайым жымиып жүрген, бірақ қарқылдап күлген емес. Арасындағы 
айырмашылық жер мен көктей.
Екіншіден, неше жерден қалжың болғанымен сөз арасында титтей де 
өтірік араласпауы керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Мен де қалжыңдаймын, 
бірақ арасына өтірік қоспаймын
», – деген емес пе? Оның қалжыңдары 
терең ойға, кісі арасын жарастыруға, бауырмалдыққа себеп болатын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) отбасы мүшелерімен әзілдесіп, көңіл көтеріп, 
олардың қуанышты, көңілді болып жүруін қалайтын. Сондай-ақ Айша 
анамыздың 
(р.анһа) 
бірге 
ойнайтын 
көрші 
құрбылары 
болған. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) да құрбыларының Айшамен (р.анһа) бірге ойнауына 
кедергі жасамайтын, тіпті керісінше, ойындарын қызықты ету үшін жәрдем 
беретін. Мейрам күндерінде Айшаға (р.анһа) Хабашилардың ойындарын 
көруіне рұқсат берген. Кейде сапарда жүргенде анамызбен жүгіруден 
жарысып, көңілін көтерген болатын. Лұқман (р.а.): «
Ақылды ер кісі 
отбасына барғанда баладай жұмсақ болады. Ал қауымының ортасында өзін 
салмақты ұстайды
», – деген. Тағы бір риуаятта «
Аллаһ тағала отбасына 
қатал тәкаппар жандарды жақсы көрмейді 
», – деп айтылған (Имам Ғазали, 
Ихия Улумиддин 349 б.) .
Кейде кештетіп әйелдерімен жиналғанда күлдіргі оқиғалар айтып, 
әзілдесіп отыратын(Хайсами, Нуриддин Али ибн Әбу Бәкір 4/315). Мысалы, 
бірде Айша анамыз Пайғамбарымызға (с.а.с.) ұннан жасалған ботқа пісіреді. 
Сол сәтте Сәуда анамыз да жанында отырған болатын. Айша (р.а.) Сәудаға: 
«Кел, сен де же», – дейді, Сәуда бас тартады. Сонда Айша анамыз оған: 
«Егер жемесең, ботқаны бетіңе жағамын», – деп қорқытады. Сәуда жемеймін 
деп қайтпай тұрып алады. Айша (р.а.) ботқаны алып оның бетіне жаға 
салады. Бұл жағдайды сырттай көріп тұрған Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға 
қарап күліп, қолымен Сәуданы ұстап: «Неге тұрсың, сен де оның бетіне жақ», 
– дейді. Сәуда да Айшаның бетіне жағады, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл 
жағдайға да күледі(Хайсами, Нуриддин Али ибн Әбу Бәкір 4/320.) .
Қасындағы адамға жан тыныштығы мен сенім ұялатқандай күлімдегені 
көңілге қуаныш сыйлайтын. Риуаяттарға қарасақ, өмірінде үш рет дауыстап 
күлгені айтылған.
Хадис кітаптарынан ол кісінің бірнеше жерде әзіл айтқанын көреміз. 
Таң қаларлығы сол: қаншама қорлық пен азапта жүрсе де, бір сәтке де 
күлімсіреген қалпынан жазбаған. Сахабаларымен де ара-тұра әзілдесіп 
қоятын. Бірде сахабалар Пайғамбарымызға (с.а.с.) «Бізбен әзілдесіп 
жатырсыз ба?» – дегенде: «
Мен қалжың айтсам да ақиқаттан 
ауытқымаймын
», – деген еді (Тирмизи, Бирр, 57) .
Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп мені түйеге мінгіз дегенде: 
«
Мен сені түйенің ботасына мінгіземін
», – дейді. «Түйенің ботасы маған 
жарар ма екен?!» – деп таңырқаған әлгі кісіге Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Барлық түйе бір-бір інгеннің ботасы емес пе?!
» – деген екен» (Ибн Сағыд, 
Табақат, 224) . Осы әзілімен де кісіні терең ойлануға, сөздің астарын түсіне 
білуге, асығыс ой қорытпауға шақырып отыр.


Жұмаққа баруыма дұға ет деп келген кейуанаға Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
қарт әйелдер жұмаққа кірмейді дейді. Сол-ақ екен кейуана ағыл-тегіл жылай 
бастайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сіз жұмаққа қазіргі түріңізбен 
емес, анағұрлым жасарып кіресіз», – деп, Құраннан мына аяттарды оқыған 
екен. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет