Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қандай пайғамбарлық сипаттары бар?



Pdf көрінісі
бет36/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
31. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қандай пайғамбарлық сипаттары бар? 
Ұлы міндетті арқалаған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) 
қарапайым адамдардан артық ерекшелігінің болуы заңды да. Бөтеннің 
дүниесіне көз тігу, өсек пен өтірік айту сияқты жағымсыз қылықтардан ада 
екендігі айтпаса да түсінікті. Егер Аллаһтан пәрмен келгенге дейін сәл де 
болса көркем мінезге жат қылық танытқанда, пайғамбар болғаннан кейін 
адамдарды сондай қылықтан айныту қиынға түсер еді, сондықтан Нәбидің 
(с.а.с.) көркем мінезімен қоса мынадай пайғамбарлық сипаттары бар:
а) Туралық
Ешқандай қауіп-қатерге қарамастан ақиқаттан айнымауды туралық 
дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан шыққан әрбір сөз түзу, ешқашан 
ақиқаттан ауылы алыс әңгімені тілге тиек етпеген. Пайғамбар бойынан 
жалғандық табылуы әсте мүмкін емес. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «
Туралықтан 
айырылмаңдар. Бұл қасиет сендерді жақсылыққа, жақсылық жаннатқа 
апарады. Кісі бұл жолдан айнымаса, Аллаһтың әмірімен турашылдардың 
қатарына жазылады
», – деп айта отырып, өмір бойы туралығымен үлгі бола 
алған. Құдай кешірсін, егер өмірінде бір ауыз өтірік сөз айтқанда, аңысын 
аңдыған дұшпандары әлемге қуана жар салар еді.
ә) Адалдық
Өтірік айту, біреудің ала жібін аттау ұғымдары пайғамбарлыққа жат. 
Аллаһтан келген уахиға өздігінен бір ауыз сөз қоспай, бір жерін жасырып 
қалмай дәл сол күйінде жеткізуі де адалдығына үлкен дәлел.
Хунәйн шайқасында түскен олжадан кей кісілерге (Исламға тарту 
мақсатында) ерекше ілтипат көрсетіп, көбірек үлестіріп бергенде, бұған 
наразылық танытқан біреу: «Уаллаһи! Бұл олжа бөлісте ешқандай әділдік те, 
Аллаһтың разылығын ойлау да болған жоқ», – деді. Бұл сөз 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) жеткенде лезде реңі өзгеріп: « 
Аллаһ пен елшісі 
әділдік көрсетпесе, кім әділетті болмақ ?
» – деп мұңайған еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет