Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 «Құран кәрім Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығына дәлел»



Pdf көрінісі
бет33/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
29. «Құран кәрім Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығына дәлел» 
дегенді қалай түсінуге болады? 
Аллаһтың қалауынсыз ешбір мұғжиза жүзеге аспайды. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) сүннеті мен үмбеті қияметке дейін жалғасатын ақырғы пайғамбар 
болғандықтан, оған уахи етілген қасиетті Құран мәңгілік мұғжиза,өйткені 
Құран екі дүниенің бақытына жетелейтін қасиеті мен өсиеті дара кітап қана 
емес, мына күллі тіршіліктің мәңгілік мағынасы. Көзге көрінетін және 
көрінбейтін әлемнің анықтамасы. Мына айқын әлемнің пердесі артынан 
келген мәңгілік рахмани ілтипаттардың және ежелгі субхандық үндеудің 
сарқылмас қазынасы. Жаратылыстың жол көрсетушісі. Адамзат өмір 
деңгейінің ең жоғарғы дәрежесі Исламның өмір негізі. Барлық адам 
баласының ұстануы тиіс ақиқат сөзі. Адамға әрі құқық, әрі дұға, әрі зікір мен 
ғибадат, әрі даналық, әрі хикмет, әрі әмір мен тәблиғ кітабы. Негізінен, 
барлық адамзаттың әртүрлі рухани әрі пікір мұқтаждықтарына ем болатын 
бірнеше шығарманың қайнар көзі болған құтты кітап.
Құран өмірдің барлық бұлтарыстарын қамтитын ашық әдістеме 
ұсынуда. Ол әдістеменің ерекшелігі сол: адам баласы бұған дейін ондай 


кереметті көрмеген еді. Дәл Ислам дініндей адам баласына материалдық 
және рухани бақытты бұрын-соңды ешбір жүйе бере алған емес.
Пайғамбарымыз мақтаулы Мұхаммедтің (с.а.с.) мұғжизасын көзімен 
көрген ізгілер сол жерде еріксіз «Аллаһтан басқа құдай жоқ» дей берді. Ал 
тастай қатты жүректеріне Аллаһ тағала иман нәсіп етпеген бақытсыздар теріс 
айналды. Арада қарт тарихтың қанша парағы аударылып жатса да 
мұсылмандар үшін ұлы мұғжиза Құран кәрім күні кеше ғана Пайғамбар 
(с.а.с.) аузынан шыққандай өміршең қалпын сақтауда. Ал пайғамбар 
Мұхаммедті (с.а.с.) саясаткер, философ деп санайтын дүниеқоңыздар үшін, 
Құран сөзі баяғылардың ертегісі ғана. Құдай ондай ойдың бетін ары қылсын! 
Араб әдебиеті шарықтау шегіне жеткен тұста түскен аяттарды 
тыңдаған адамзат баласының аузынан суы құрыды. Аузымен құс тістеген 
ақындар Құранды естігеннен кейін көбі қолдарына қалам алмай кетті. Сол 
уақытта кейбіреулер Құранға жала жабудан да тайсалмады, бірақ жапқан 
жалаларына өздері де сенбес еді. Құран тілі өздерінің ана тілі болғанымен
олардың әлімсақтан бері қолданып келе жатқан сөз қолданысы мен сөйлем 
құрылымынан мүлде бөлек, өзіне ғана тән көркемдік пен тапқырлығы 
жұртты тегіс таң қалдырған. Ойы жүйрік сөз дүлдүлдерінің өзі ұлы 
Құранның алдында бас игеннен басқа шарасы қалмады.
Құран Аллаһтың сөзі екені және бұл туралы күдігі барларды күреске 
шақырып: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет