Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


Ол (Аллаһ) жетім қалғаныңда қамқорлыққа



Pdf көрінісі
бет30/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
Ол (Аллаһ) жетім қалғаныңда қамқорлыққа 
алмады ма?
» («Духа» сүресі, 1) деп Аллаһ тағаланың өзі Пайғамбарымызға 
(с.а.с.) қамқоршы болғанын айтты. Біздерде әкесі, анасы, тіпті ұстаздарымен 
қоса бір баланы тәрбиелей алмай жатқанда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жетім 
өссе де осындай көркем мінезді болуы таң қалдырады. Әрине, Расулды кім 
осындай көркем мінезді етіп тәрбиеледі дейтін сұраққа: « 
Раббым Мені Өзі 
тәрбиеледі және тәрбие болғанда да ең керемет үлгіде
» деген аят өз 
жауабын бергендей.


27. Дінімізде мұғжизаға сену қаншалықты маңызды? 
 
Жұрт пайғамбардан әдеттен тыс, ешкімнің қолынан келмейтін 
ісжасаудыталапеткен.Құранбұлкөріністерді «аят» десе, ол бізге «мұғжиза» 
деген сөзбен таныс.
«Мұғжиза» сөзінің тілдік мағынасы «шарасыз, әлсіз қалдыру» дегенге 
саяды. Ал терминдік мағынасы: « Пайғамбар, өзінің пайғамбарлығын жария 
еткеннен кейін өзіне сенбегендерге қарсы Аллаһтың қалауымен көрсеткен 
әдеттен тыс істері ».
Мұғжиза – табиғат заңдарына бағынбайтын әдеттен тыс істер. Мысалы 
Адам (а.с.) топырақтан жаратылуы, Иса (а.с.) әкесіз жаратылуы, Һауа анамыз 
Адамның (а.с.) қабырғасынан жаратылуы, Ибраһим пайғамбардың отқа 
жанбауы, т.б. бұлардың барлығы дүниелік өлшемдерден тыс. Пайғамбарға, 
Аллаһқа сенгендер бұл мұғжизаларына да сенген. Ал пайғамбарға, Аллаһқа 
сенбегендер бұл мұғжизаларға да сенбей сиқырға, көзбояушылыққа теңеген.
Олай болса, мұғжизаға сену мұсылман үшін міндет, өйткені дінімізде 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көрсеткен мұғжизалары Құранда және кейбір 
мутауатир(Бір оқиғаны шыншыл бірнеше адамның куәлігімен, сандары 
азаймастан кейінгі ұрпаққа жеткізіліп отыру жолы) жолмен жеткен риуаяттар 
мен нақты хадистерде айтылған. Мұса мен Иса пайғамбардың және Ибраһим 
пайғамбардың 
көрсеткен 
мұғжизалары, 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) 
көрсеткен мұғжизасы Құран аятымен бізге жеткен. Сондай-ақ осы күнге 
дейін келіп кеткен сан мыңдаған әулиелер мен ғалым-ғұламалардың барлығы 
мұғжизаларға аяндай сенген, сондықтан бұл мұғжизаларға сенбеу Құран 
аятына сенбеу, Пайғамбарымыздың айтқанына сенбеу және осы мұғжизаға 
сенген барша әулиелер мен ізгі адамдарды ақымаққа теңеу. Мысалы, біреу ай 
екіге жарылмады десе, біріншіден, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ісін жоққа 
шығарған болады, екіншіден, Аллаһ тағаланың құдіретіне күмәнмен 
қараумен тең және осыған сенген адамдардың сенімін жоққа шығарған 
болады.
Негізінде, қазірдің өзінде мұғжиза болмаса да таң қаларлық істер 
болып та жатыр. Мысалы, адамның шиша немесе шеге үстіне жатуы, шоққа 
күймеуі, темірді денесінің бір жеріне кіргізсе де қан ақпауы т.б. түрлі 
жағдайлар кездесуде. Бұларды көре тұра сенбеуіміз мүмкін емес. Алайда 
бұлар мұғжиза емес, өйткені бұл істі басқа біреу де істей алады. 
Заманымыздағы бірнеше тонна ұшақтың аспанда ұшуы, бір сәтте мыңдаған 
шақырым ұзақтағы адаммен көрісіп, онымен сөйлесу секілді істер себеп-
салдар нәтижесінде болса да бізден бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген 
адамдар үшін ертегі болып саналған еді. Алайда бұлардың барлығы болып 
жатыр, бірақ біздің көзіміз үйреніп, оны табиғи заңдылық ретінде қабылдап 
кеткенбіз. Ойланған адамға Аллаһтың құдіретімен болып жатқан қазіргі 
таңдағы істердің өзі де мұғжиза іспеттес. Мысалы, жұлдыздар бір мұғжиза, 
жердің тартылыс күші бір мұғжиза, адамның рухы бір мұғжиза, адамның 
бойындағы қан тамырларының айналым жүйесі бір мұғжиза. Тіпті Адам (а.с.) 
пайғамбардың жаратылуы секілді біздің жаратылуымыз да бір мұғжизалық 


ұқсастық бар, өйткені Аллаһ тағала Адам атаны (а.с.) топырақтан (жердің 
элементтерінен) құрап сосын рух беріп жанды еткені секілді біздің де бір 
жансыз тамшыдан және жер бетіндегі азықтардан нәр алып қалыптасқан ана 
жатырындағы денемізге Аллаһ рух беріп жанды етті. Алайда адам баласы 
үшін көз алдындағы мұғжизаның қадірі болмайды. Бұл мәселеге мынадай 
мысал келтіре кетейік: бұл Жер шары, әлеміміз жаратылмай тұрып, бір 
адамға осы әлемді бейнелеп, тау-тасымен, өзен-көлімен, түрлі жанды-жансыз 
жаратылыстарымен бейнелеп, осындай бір әлем жаратылады десек, дереу 
оның ойына қияли нәрсе секілді көрініп, күмәндана бастауы мүмкін. Алайда 
ол адам осы өмірге келіп, көзі үйренгеннен кейін бұл әлемдегі барлық 
құбылыстар қалыпты жағдай секілді көрініп, мұғжиза жоқ секілді көрінеді. 
Алайда ойланып, ой жіберген адамға бұл әлемдегі құбылыстар үлкен 
мұғжиза. Сол үшін Аллаһ тағала пайғамбарларды ерекше мұғжизалармен 
жіберген. Мұғжизаларының мынадай ерекшеліктері бар:
1) Мұғжиза тек Аллаһтың қалауымен жүзеге асады. Пайғамбар 
мұғжизаны болдыра алмағаны секілді оны тоқтата да алмайды. Мысалы, 
хазірет Мұсаға Аллаһ тағала: «
Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяқты жерге 
таста!
» – дейді. Хазірет Мұса оны жерге тастап жібергенде, ол таяқ улы 
жыланға айналып шыға келеді. Түр-түсі сұп-суық оқ жыландай ысылдап 
хазірет Мұсаның өзін қорқытты. Сонда Хақ тағала Мұсаға: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет