Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Жетім өсуінің сыры неде?



Pdf көрінісі
бет29/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

26. Жетім өсуінің сыры неде? 
Расулаллаһ (с.а.у.) ана құрсағында жатып әкесінен, бес-алты жасқа 
жеткенде анасынан айырылды. Жастай- ынан әке тәрбиесінен ұзақ және ана 
сүйіспеншілігін көрмей өтті. Бұл әрине кездейсоқтық емес, мұнда Аллаһтың 
хикметтері бар.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әке-анасының немесе атасының ерте 
қайтыс болуының сырына үңілсек, мұнда әкесі не атасы білім берді, жол 


көрсетті, бағыт сілтеді деген қауесеттің айтылмауында жатыр, өйткені 
Пайғамбарымыздың атасы үлкен қауымның басшысы еді, қажылыққа келген 
қонақтарды күту, оларға халықтан азық жинап қажылық маусымы бойын- ша 
азықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыратын, сондықтан бұлай ойлау 
имандылардың ойына келмесе де дұшпандарының ойына келері нақты. 
Алайда Аллаһтың хикметі дұшпандарының осындай ойда болуына жол 
бермей, оны Аллаһтың өзі әке-шешесіз тәрбиеледі. Сондай-ақ атасының ерте 
қайтыс болуы, һижреттен үш жыл бұрын Әбу Талиптің Исламды 
қабылдамауы, бұлар да Пайғамбарымыздың Аллаһтан басқа ешбір 
тәрбиешісінің болмағанын көрсетеді. Тіпті жастық шағының бір бөлігін 
өзінің туыстарынан ұзақ, Сағд ұлдарының ауылында өткізді. Олай болса, 
Пайғамбарымызды біреу оқытты деген сылтау айтуға ешқандай себеп 
қалмады.
Аллаһ тағала оны әке қамқорлығы мен рақат өмір сүруге жетелейтін 
себептерден алыс өсірді.
Мансап, атақ-абырой, байлық секілді дүниенің 
тартымдылығынан аулақ өсті. Егер бұлай болмаса қасиетті пайғамбарлық 
міндетінің дәрежесі түсер еді. Кейбіреулер оған байлыққа кенелу үшін, атақ 
жинау үшін пайғамбар болды деп айтуы мүмкін еді(Фиқһус-сира, Рамадан 
Бути:).
Үлкен жауапкершілікке машықтады
. Оған «тәуекелдің»(Аллаһқа 
шексіз 
мойынсұну) 
асқар 
шыңына 
шығып, шыңдалып, 
барлық 
қиыншылықтарға қарсы тұра алатындай өсіп- жетілу керек болды. Аллаһ 
тағала оны байлықтың буына мастанудан, қайыршылық пен жоқшылықтың 
жетегінде кетуден сақтады. Ғұмырының әр кезеңінде орта жолды көрсете 
отырып, тура бағытынан жаңылдырмай, астамдық пен кемшіліктен бойын 
аулақ ұстап жетілуіне жағдай жасады. Ұлы адамның дәл осылай қиыншылық 
күндерді бастан кешіруі өте маңызды. Оны жақын тартқандарға әкелік 
мейірімнің ыстық құшағын танытуы үшін жетімдіктің де дәмін татып көруі 
аса қажет. Соңынан ергендердің жағдайын түсініп, оларға жылы шырай 
танытып, қолынан келгенше көмек көрсетуі үшін жоқшылықты да көруі 
керек. Аллаһ елшісі жетім-жесір мен жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп, 
қамқорлық көрсетуі – ананың ақ сүтінен, туған өлкесінің топырағынан 
сүйегіне сіңген мінезі. Кейін ол асқақ шыңдарға көтерілген шақтарда осы бір 
туа бітті мінезінен еш таймай, өмір бойы түп-түзу ғұмыр кешкен теңдессіз 
тұлға күйінде қалды. Өмірінде жетім-жесірге зекіп, қабақ шытып көрмеді. 
Сұраушының да қолын бос қайтармады, өйткені Аллаһ елшісіне осылайша 
әрекет етуін әмір еткен. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет