Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер



Pdf көрінісі
бет34/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер 
де осыған ұқсаған бір сүре әкеліңдер. Егер сөздерің рас болса, Аллаһтан 
өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар. Егер оны істемесеңдер, қазір 
әкелмесеңдер, келешекте әсте істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны 
адамдар мен тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан 
қорқыңдар!
» («Бақара» сүресі, 2/23-24) 
деген болатын. Алайда қаншама 
ғасырлар өтті, ешкім де бір сүресіне ұқсас өлең жаза алмады. Бұл да 
Құранның Аллаһтың кітабы екендігі, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны жеткізуші 
пайғамбар екендігін растай түсуде
.
Құран жиырма үш жылдық уақытта сұралған сұрақ, күн тәртібіндегі 
мәселе, істелген қисық істің түзетілуі сияқты түрлі оқиғалар негізінде түсті. 
Соған қарамастан Құраннан ешқандай да қарама-қайшылық, жүйесіздік таба 
алмаймыз. Ешкім де Құранға қатысты «мына сөздің орнына мына сөзді 
қолданғанда, мына жерін былай жазғанда» деп айта алмаған. Тілдік жағынан
да, стильдік жағынан да мінсіз. Оның үстіне күн санап жаңарып жатқан 
ғылыми-техникалық прогреске ешбір жері қайшы келмей, ғылымның жаңа 
салаларын толықтыра түскендей. Пайғамбар мұғжизасы екенінің дәлелі 
сонда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың ұлы сөзін айна-қатесіз адамзатқа 
жеткізді.
Қарапайым ғана зерттеулердің өзі Құранның тіл мен ойды жеткізу 
жағынан ешбір кітапқа ұқсамағанын дәлелдеп беруге жетіп артылады. Құран 
кітапта бүгінге дейін жазылған барлық кітаптардың ішінен бірде-бір ой 
көшірілмеген. Демек, Құран кісі сөзі емес. Ол өзінің сарқылмас қазынаға 
толы мазмұнды мәңгілік мұғжиза екенін қияметке дейін дәлелдей бермек.
 


30. Айдың екіге жарылу мұғжизасына неге бүкіл әлем куә болмаған?
Бір күні Меккенің бетке ұстар тұлғалары Мина алқабында жиналып, 
сахабаларымен отырған Пайғамбарымыздан тағы бір мұғжиза көрсетуін та- 
лап етті. Бұл жолы: «Айды екіге бөлсең, айтқандарыңа иман келтіреміз», – 
деді. Құрайыштықтардың иманға бет бұруын шын жүректен қалаған 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүбәрак сұқ саусағымен айды көрсетті де екіге 
бөлгендей қимыл жасады. Осы сәтте ай екіге бөлініп, бір бөлігі Әбу Құбайс 
тауының басына, екіншісі Қуайқан деген таудың төбесінде екіге бөлінді. 
Осыдан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) қасындағы адамдарға: «Куә болыңдар», 
– деді. Аз уақыттан кейін ай қайта қалпына келді. Мүшріктердің негізгі 
мақсаты иман келтіру болмағандықтан, мына қолайсыз жағдайдан қалай 
құтылатындықтарын білмей, біраз әбігерге түсті. Артынша біреулері: 
«Мұхаммед сендерді сиқырлады», – десе, енді бірі: «Егер Мұхаммед айға 
сиқыр жасаса, онысы барлық жерге әсер етпейтін шығар. Басқа жақтан 
келетіндерден сұрапкөріңдер», –деп күмәнданды.Алайда басқа қаладан 
келгендер де айдың екіге бөлінгенін, сонан соң қайта қалпына келгенін 
көргендерін айтып таңданып жатты. Сонда да арсыз мүшріктер мойында- 
май, « 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет