Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқа болашақ жайлы



Pdf көрінісі
бет62/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

48. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқа болашақ жайлы 
айтатындарға сену дұрыс па? 
Болашақты айту жайлы сөз қозғалғанда бірінші кезекте көріпкелдер 
мен балгерлер ойға түседі. Келешекке байланысты бұлардың айтқандары 
өтіріктен, ары кетсе болжамнан аса алмайды. Бұған дәлел Айша анамыз (р.а.) 
жеткізген хадис:
«Бірде бір топ кісі сәуегейлер жайлы сұрағанда, Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.): 
«Олардың айтатыны шындық емес», – деді. Сауалды қойғандар: 
«Кейде олардың айтқандары рас шығып жатады», – деді. Сонда Аллаһ 
елшісі (с. ғ. с. ) оларға: «Ондай ақиқат сөздерді жындардың бірі алдымен 
(періштелерден) ұрлап алып, кейін оны досының (яғни, балгердің) құлағына 
сыбырлайды. Ал, балгерлер сол сөзге өз ойынан жүз өтірік қосып 
(болашақты білетіндей бал ашады) – деп түсіндірді»
, – деген (Хадистер 
жинағы, Асқар Болатұлы, 698 б. «Көкжиек» баспасы 2011ж; Бұхари, Таухид, 
57. . Бір сөзінде: «
Кімде-кім бақсы-балгердің қасына барып, айтқандарына 
сеніп қуаттаса, Мұхаммедке (с.а.с.) түсірілген аянға қарсы
шыққаны
» деп, 
оларға барып болашақты болжатуға тыйым салған.
Қарапайым адамның болашақтағы жағдайлар былай тұрсын, өзінің 
өмір сүріп отырған уақытындағы оқиғаларды бүге-шігесіне дейін тәптіштеп 
айтып беруі әсте мүмкін емес. Сол сияқты саясаткерлер мен 
әлеуметтанушылар да заманның тамырын басып, елу- алпыс жылдан кейін не 
болып, не қоятынын дөп басып айта қоюы екіталай. Егер бір болжам 
айтылды деген күннің өзінде қазіргі жағдаймен қатар салыстырылып, тарихи 
заңдылықтар негізге алынып, ғылыми гипотеза ғана жасалуы мүмкін. Ал 
келешектің еншісіндегі кез келген уақытта орын алатын ұлы өзгерістерді ап-
айқын айтып беру тек Аллаһқа ғана тән. Егер болашаққа қатысты дәлме-дәл 
хабар берген біреу болса, ол Аллаһтың уахиынан қуаттанған пайғамбарлар 
ғана.
Тарихты өте жақсы білетін, орын алып жатқан оқиғалардың негізін 
көріп, тұжырым жасай алатын парасатты адамдар болашақты болжауы 
мүмкін, бірақ белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып айтады. Бұл ғайып 
хабары емес. Олардың беретін хабары ауа райы болжамы, ана құрсағындағы 
баланың жынысы сынды белгілі бір құралдарды қолдануға мұқтаждықтан 
туады. Ары кетсе белгілі бір уақыттан кейінгі әлемдегі экономикалық немесе 
саяси ахуалды болжауы мүмкін. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) болашақ 
туралы айтқандары ол заманда белгісі байқалмақ тұрмақ, иісі де сезілмейтін, 
кісі айтса сенгісіз ғаламаттар еді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғайыптан 
берілген хабар былай тұрсын, Аллаһтың бар екенін айтып жалпақ жұртты 
сендіре алмай жүргенде, мүмкін еместей көрінген келешектің хабарын нық 
сеніммен айтқанына қараңыз. Бірнеше мысал келтіре кетейік:
 
1. Мүшріктердің мұсылмандарды адам құрлы көрмейтін Мекке 
кезеңінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Хаббаб ибн Әратқа (р.а.) «Аллаһ бұл 
дінді кемеліне жеткізеді. Дұшпандарын жояды және Ислам мемлекеті 
салтанат құрады. Кез келген әйел адамның өзі Санадан жалғыз шығып, 


Хадрамутқа аман-есен жетеді. Жолда Аллаһтан басқа ешкімнен де 
қорықпайды», – деп болашақтан хабар берген. Бұл жағдайды әділетті төрт 
халифаның (р.а.) дәуірінде елдің көзі көрді.
2. Бірде сахабалар ор қазып жатқан. Үлкен бір тасқа кезігіп, сахабалар 
барлық күш-жігерімен қозғауға тырысып, еш қимылдата алмайды. Бұл 
жайды Пайғамбарымыз (с.а.с.) естіп, қолына қайласын алып келеді де, тасты 
ұра бастайды. «Бисмиллаһ» деп бірінші рет ұрғанда, Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) аузынан: «
Маған дәл қазір Византияның кілттері берілді», екінші 
ұрғанда «Сасани қорғандарының жығылғанын да көріп тұрмын
», үшінші 
мәрте ұрғанда тас күл- талқан болды, артынша «
Иранның кілттері де маған 
берілгенін көріп тұрмын
...» – деген қасиетті сөздер төгіліп жатты (Ибн 
Кәсир, әл-Бидәя, 4/116; Ибн Һишам, Сирә, 3/230. Муснәд, 4/303.
)
. Алайда 
мұндай қиын-қыстау заманда, әсіресе, Мекке мүшріктері қаптап келе 
жатқанда, олардан аман қалудың өзі қиын кезде, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) 
мұндай хабар беруі мұсылмандарды таңдандырды. Арада бірнеше жыл өтті. 
Сағд ибн Әбу Уаққас, Халид ибн Уәлид секілді үлкен қолбасшылар хадисте 
айтылған жерлерге мұсылмандардың жеңіс туын тігіп, кілттері Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.) қолына тапсырылды. 
 
Осыдан кейін айтқандарынан ешқандай шашау шықпаған адамның 
пайғамбар болмауы, айтқан сөздерінің Аллаһтың уахи арқылы білдіргеніне 
сенбеу мүмкін бе? Оның ғайыптан берген хабарларына қарап төмендегідей 
қорытынды жасай аламыз.
Келешектен хабар бергенде ешқашан да «бұл менің ойым», «солай 
шығар» деген сияқты екіұшты сөзге бармаған, керісінше, «күндердің күнінде 
өздерің куә боласыңдар» деп, әр сөзін нық сеніммен айтқан. Қарапайым 
адамның өзі көрмеген, тәжірибесінде кезікпеген нәрселер турасында келешек 
жайлы ауыз толтырып жаңалық жеткізуі мүмкін емес. Аллаһтың елшісі 
(с.а.с.) пайғамбарлықтан бұрын әскерге қолбасшы, не топ адамға басшы, не 
бір мемлекеттің іргетасын қалаған немесе аты әлемге әйгілі ғалым болып аты 
шыққан емес.
Тарих ақылмен емес, жазылған құнды еңбектермен танылады. Ал 
соңғы нәбидің өткен қауымдар жайлы айтқан ақиқаттары ешбір кітапта, 
ешбір тарихи құжатта кездеспейтін дүниелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет