Зәйд ибн Мұхаммед (Мұхаммедұлы Зәйд) деп атайтын болды, бірақ бұлай
істеу жөн емес еді. Ақыры, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдпен ажырасқан
Зейнепті өзі алып, бұл дәстүрдің тамырына балта шапты.
Мәдинадағы әйелдер көп нәрсені Пайғамбары- мыздың әйелдерінен
үйренетін. Әйелдері Пайғамбары- мыздың (с.а.с.) ұяла қысқа жауап қайырған
мәселелерін жұртқа кеңірек түсіндіретін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлі
туындамаған мәселелерді сұрауға тыйым салған болса да, күнделікті істе
кезігетін сұрақтарға тыйым салмаған. Егер сұрала қалса жауап берген, тіпті
мұндай мәселеде сұрауға қызықтырған. Әнастың (р.а.) риуаятында осыған
байланысты бір оқиға келеді: «Үммі Сүләйм бір күні Пайғамбарымызға
(с.а.с.) келіп:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Әйел кісі түсінің әсерінен жүніп болса, ғұсыл
құйына ма? – деп сұрайды. Сол жерде отырған Айша (р.а.) анамыз:
– «Әйелдерді ұятқа қалдырдың-ау, Үммі Сүләйм, Аллаһ сені кешірсін»,
– дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға (р.а.):
– Әйелдерді ұятқа қалдырған ол емес, сенсің. Ұялтпа, ансарлық
әйелдер фиқһтан қалағанын сұрасын. Иә, ғұсыл құйыну керек, – деп жауап
қатты. Артынша
Достарыңызбен бөлісу: