бинт Омар (Омардың қызы), Зайнап бинт Хузафа (60 жаста), Зайнап бинт
Жаһш, Райхан бинт Зайд, Жубәйра, Сафия бинт Хуйай (Пайғамбарымыз
(с.а.с.) оған: «Қаласаң дүние-мүлкіңді ал да, кет, азатсың, қаласаң осында
қал, мұсылман бол, маған үйлен» деп ұсыныс білдіргенде, ол
мұсылмандықты қабылдап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жары болуды
қалайды.) , Үммі Хабиба бинт Әбу Суфиян (55 жасында), Маймуна бинт
Харис (2 балалы) (Булуғул-Марам мин адиллатил ахкам, аударған; Ахмед
Даудоглу, Сөнмес нашрият, Стамбул-1970, 1/392) .
Пайғамбарымыздың Айша анамыздан басқа некелескен әйелдерінің
бәрі жесір әрі 40 пен 60 жастың арасындағы, балалы-шағалы болған. Бұдан
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) барлық некелерінде нәпсіқұмарлық емес, терең
хикметті мақсат жатқанын аңғарамыз.
Сондай-ақ өте маңыздысы, Құранда Пайғамбарымыздың әйелдері
мұсылмандардың анасы саналатыны және Пайғамбарымыз үйленгеннен
кейін олармен басқа ешкім үйлене алмайтындығы айтылған («Ахзаб» сүресі,
6) . Егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйленген әйелінің төртеуін таңдап
басқаларымен
ажырасқанда,
ол
аналарымызбен
ешкім
үйлене
алмағандықтан, Пайғамбарымыздың бұлай істеуі оларды далаға тастау болар
еді.
Достарыңызбен бөлісу: