пайғамбарға жауды толық жеңбейінше, тұтқын ұстап, олардан бодау алу
арқылы оларды азат ету дұрыс емес. Сендер дүниенің пайдасын
ойлайсыңдар, Аллаһ сендерге ақиретті қалайды. Аллаһ өте үстем,
хикмет иесі. Егер Аллаһтан алдын-ала беріліп қойған үкім болмағанда,
(тұтқындардан бодау) алғандарың үшін үлкен азапқа душар болар
едіңдер
» («Әнфал» сүресі, 67) , – деген аят түседі.
Егер бұрын-соңды бұл туралы үкім түскенде, ойланбастан Аллаһтың
әмірін Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұлжытпай орындайтын еді. Жоғарыдағы
Пайғамбарымыздың тоқтаған шешімі түгелдей қате болмаған. Әйтпесе
Жаратушы Ие артынша оны жоққа шығаратын бір үкім түсірер еді. Одан
кейін соғыстан тапқан олжаны бөлісуге рұқсат етіп: «
Осыдан бастап бодау
алу мен олжа сіздерге адал етілді
», – деген аят түсті.
Аллаһ тағала дұшпандарымен алғаш рет бетпе-бет келген
мұсылмандарды бұрын үкімі берілмеген жағдаймен сынап, бұдан былай
абайлау керек екенін көрсетті. Осы бір ескертуден кейін мыналарды
тұжырымдай аламыз:
1) Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) да құл екені ескертіліп,
христиандар сияқты тым асыра сілтеп (пайғамбарды құдай деп) жіберудің
алдын алған. Сахабаларға және барша үмбетке осыны ескерткен.
2) Алда-жалда Пайғамбарымыз (с.а.с.) уахидың бірін жасырып қалар
болса, осы сынды өзіне ескерту жасалған аяттарды айтпас еді. Осы оқиға
арқылы да Аллаһ тағала мұсылмандар мен барша әлемге Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) адал елші екенін дәлелдеді.
3) Мұнымен қоса үмбетке үкімі беймәлім жағдайға ұшырасқанда өзара
ақылдасудың маңызды екендігін көрсеткен.
53. Алғаш кіммен үйленген?
Пайғамбарымыз (с.а.с.) алғаш рет 25 жасында өзінен 15 жас үлкен 40
жастағы
Хадиша
бинт
Хуайлидпен
үйленді.
Хадиша
анамыз
Пайғамбарымызбен үйленбей тұрып екі мәрте күйеуге шығып жесір қалған.
Бірінші күйеуінің аты Атиқ ибн Айз әт-Тәмими, екіншісі Әбу Хала әт-
Тәмими. Хадишаның әкесі Фижар соғыстарында қайтыс болғандықтан, ол да
Расулаллаһ сияқты жетім өскен. Хадиша анамыз (р.а.) бай әрі беделді
саудагер болатын. Бірде сауда жасап, тауарды сату үшін сенімді адам іздейді.
Мұхаммедтің (с.а.с.) адал әрі шыншыл, мінезі жақсы екендігі жайлы хабар
естігеннен соң елші жіберіп, Шамға барып сауда жасап келуі үшін ұсыныс
білдіреді. Мұхаммед (с.а.с.) бұл ұсынысты қабыл алады. Бұл сапардан мол
табыспен оралып, Хадиша анамыздың (р.а.) мал-мүлкін түгелімен қолына
тапсырады. Шамға бірге барған Майсара, бұл сапарда болған жағдайларды
таңдана отырып айтып берді. Мұны естіген Хадиша (р.а.) Мұхаммедке деген
сенімі артып, көңілі ауады.
Артынша хазірет Хадиша іштегі сырын ең алдымен құрбысы
Мүниәқызы Нәфисаға ақтарды:
– Нәфиса, Абдулланың ұлы Мұхаммедтің бойынан бір артықшылық
байқадым. Мұхаммед өте шыншыл, адал, сенімді, текті, қадірлі, қайырымды
жігіт. Жас та болса елдің құрметтейтін адамы. Майсараның айтқандары мен
дінбасының сөзіне қарасақ, ол – болашақ адамзаттың пайғамбары. Оның
үстіне Шамнан керуенмен келе жатқанда үстін көлеңкелеп тұрған бұлтты өз
көзіммен көрдім. Елдің аузына іліккен осы жігіт неге үйленбей жүр екен? –
деп бір тоқтады.
Нәфиса құрбысына мейірлене қарап:
– Рұқсат етсең, сенің осы арманыңның орындалуына мен көмектесіп
көрейін, – деді. Хазірет Хадиша қуанышы қойнына сыймай:
– Егер шынымен көмектесемін десең, алғыстан басқа айтарым жоқ, –
деді.
Хазірет Хадиша оң жақта отырған жас қыз емес, сондықтан Нәфиса
бірден Пайғамбарымыздың өзіне барды. Амандық-саулықтан кейін неге
үйленбей жүргенін сұрады. Мұндай сұрақты Пайғамбарымыз күтпеген еді.
– Үйленетін жағдайым жоқ, – деді. Шынында, Расулаллаһтың үйленуге
жағдайы жетпейтін. Отбасын құрып, оның жауапкершілігін өз мойнына ала-
тын адамның ең аз дегенде сол отбасын бағып-қағуға жететіндей мүмкіндігі
болуы керек еді.
Мәселенің мән-жайын түсінген Нәфиса іркіліп қалмады:
– Егер ақша жағынан бір шешімі табылып, әдемі, дәулетті, арлы әйел
табылып жатса, бұған не дер едің?
Нәфисаның әңгіме ауанын қайда бұрып жатқанын Пайғамбарымыз да
түсіне бастады.
– Ол кім?
Нәфиса «өзіңнің теңің деп» Пайғамбарымызға хазірет Хадишаны
айтты. Пайғамбарымыз Хадишаның өзі келісім бере ме екен дегендей
емеурін танытты. Нәфиса ең бірінші Пайғамбарымыздың келіскеніне қуанып,
«оны өзім көндірем» деп кетіп қалды.
Сүйінші хабарды жеткізу үшін дереу Нәфиса хазірет Хадишаға асықты.
Нәфисаның әкелген хабары хазірет Хадишаның жанын жадыратып, көңіліне
шаттық сыйлады.
Аллаһ расулы осыншама маңызды мәселеде үлкендермен кеңеспестен
шешім қабылдауды жөн көрмеді. Әбу Тәліпке барып, Нәфиса екеуінің
арасында болған әңгімені айтты.
Көп уақыт өтпей-ақ ақ неке қиылып, Әбділмүттәлибтің ұлдары Әбу
Тәліп, Аббас (Кейбір деректерде бұл құдалықта хазірет Аббастың
болмағандығы айтылады) және Хамза – үшеуі Хадишаны айттыра барды.
Құдалар өзара келісіп, екі әулет арасында қажетті салттық рәсімдер
орындалып, той жасалды. Пайғамбарымыз Хадиша анамызбен бақытты
отбасын құрды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хадиша (р.а.) анамызбен үйленерде қарпайым
адамның ойына келетіндей оның дене бітіміне, жасына, көркіне, тән
сұлулығына еш мән бермегенін байқаймыз. Егер мұндай жағына мән
бергенде Аллаһ елшісі (с.а.с.) міндетті түрде өзінен жас немесе өзімен
құрдас, әдемі әйелді таңдар еді. Алайда Мұхаммед (с.а.с.) Хадиша
анамыздың халық арасындағы беделіне, адалдығына, ерекше қасиеттеріне
қарады (Әбу Жәһил оған үйлену туралы ұсыныс жасаған. Алайда Хадиша
оны қабылдамаған. Кейіннен Әбу Жәһилдің Пайғамбарымызға қарсы шығу
себептерінің бірі осы мәселе болуы да мүмкін. Осы некеден кейін Әбу Жәһил
өшпенділігі өрши түсіп, «Некелесетіндей құрайыштың жетімінен басқа
ешкімді таппай қалды ма?» деп, Хадиша анамызды жазғырған екен) , өйткені
сол надандық заманында Хадиша анамыз «таһира», яғни «арлы, таза» деген
лақап аттармен елге танымал еді. Ол жайлы Ибн Сағд: « Хадиша
құрайыштықтар арасында текті болуымен қоса, олардың ішіндегі ең
абыройлысы, беделдісі, байы әрі ақылдысы еді » (Ибн Сағыд, Табақат 1/131) ,
– дейді.
Хадиша анамызбен бірге ерлі-зайыпты болып жүрген сәтте екінші әйел
алуды еш ойлаған емес. Көпшілігімізге белгілі, ер адамда 25 пен 50 жас
аралығында әйелге деген сезімі мен құмарлығы басым болады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәл осы жастық шағын өзінен 15 жас үлкен Хадиша
анамызбен бірге өткізді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) 50 жасқа толғанда Хадиша
анамыз 65-ке жетіп қайтыс болды. Егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) екінші бір
әйел алуды қалағанда оның орындалуына ешкім кедергі келтірмес еді, тіпті
оны өзінің әйелі Хадиша анамыз да құптар еді. Бірде Хадиша анамыз: « Мен
қартайдым, басқа әйелге үйлен », – дегенде Пайғамбарымыз (с.а.с.): « Олай
деме, Хадиша, ренжимін », – деп жауап берген. Хадиша анамыз һижреттен
үш жыл бұрын пайғамбарлықтың оныншы жылында қайтыс болды (Ибн
Сағыд, Табақат 8/217) . Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол жылды «қайғылы жыл»
деп атады. Одан кейін Аллаһ елшісі үш жыл бойы басқа әйелге үйленбеді.
Достарыңызбен бөлісу: |