Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Науқастарды зиярат еткенде нендей мәселелерге мән берген?



Pdf көрінісі
бет105/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
91. Науқастарды зиярат еткенде нендей мәселелерге мән берген? 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастардың көңілін сұрауды мұсылманның 
мұсылман алдындағы парыздарының бірі деп білген. Дертке шалдыққан 
дімкәс жандардың хал-жағдайын сұрамағандардың Аллаһ тағаланың 
мейірімінен мақұрым қалатынын жеткізген. Үйіне қайта оралғанға дейін 
науқасты зиярат еткен адам үшін періштелер кешірім тілейтінін айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ересектердің ғана емес, жас балалардың да хал- 
жағдайын білуді естен шығармаған. Көңілін сұрай барған науқасты оң 
қолымен сипап отырып: «Күллі дүниенің Раббы – Аллаһ тағалам, құлыңның 
дертін сейілтіп, оған шипа бер. Шипаны беруші бір ғана Өзіңсің. Сенің 
шипаңнан басқа шипа жоқ. Бұған ешбір аурудың ізін қалдырмайтын шипа 
бер », – деп дұға ететін.
Жиені ауырып әл үстінде жатқанда, қызы Зейнеп (р.а.) 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) кісі жібертіп, баласының өлім аузында жатқанын 
айтады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) табалдырықтан аттағанда, жас бала алып-
ұшып атасының құшағына кіріп кетеді. Мейірім елшісі көз жасына ерік беріп 
егіле жылайды. Оның жылағанын Сағд ибн Ұбада ерсі көргендей сыңай 
танытады. Мұны байқап қалған Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл – мейірімнен 
туындаған көз жасы. Аллаһ оны қалаған құлына нәсіп етеді. Аллаһ тек 
мейірімді құлдарына ғана рақым етеді», – деп түсіндірген болатын.
Науқастарға барғанда, олардың көңілін аулауға тырысатын. 
Сахабалардың бірі ауырып қалғанда: «Уайымдама, иншаллаһ, осы ауруың 


арқылы күнәларыңнан тазарасың», – деп жұбататын. Өзге дін өкілдерінің де 
барып көңілін сұрайтын. Кейде бір науқасқа бірнеше рет кіріп-шығатын. 
Сағд ибн Муаздың (р.а.) соғыста қолы жараланғанда, жақын жерде тұрып 
жәрдем беру үшін мешіт ішінен науқасқа арнайы шатыр тіктірген.
92. Аурудың алдын алу үшін қандай кеңес берген? 
Рухы бай, денсаулығы мығым мұсылманның Аллаһ алдында 
сүйкімдірек болатынын айтып, аурудан сақтануды әрі аманат ретінде 
берілген денемізге жақсылап қарауды тапсырған. Сол себепті ауырып ем 
іздегеннен гөрі ауырмайтын жол іздеуді өсиет еткен. Ол үшін адам баласы 
тазалыққа аса мән беруі тиіс. Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
«Тазалық – иманның жартысы » дей отырып, балаларының өсіп-жетілуінде 
материалдық әрі рухани тазалығына аса мән берген. Мысалы, Айша (р.а.) 
былай дейді: «Ұсама байқаусызда есіктің маңдайшасына басын соғып, бетін 
жарақаттап алды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу қан аққан жеріне қарап: 
«Баланың қанын жуып тазала!» – деді. Мен жиіркенгендей біраз кідірдім. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзі қанды тазартып, бетін сумен жуды. Артынша: «Егер 
Ұсама қыз болғанда, әшекейлермен сәндеп, киім кигізіп сәндер едім» (Ибн 
Мажә, Никах, 49) – дейді».
Аурудың көбі астан келетіні белгілі. Осыны ескерген Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) асқазанның қалыпты жұмыс істеуіне аса мән берген. «Асқазанның 
үштен бірін асқа, үштен бірін суға арнап және үштен бірін тыныс алуға 
қалдырыңдар» деп айтып отыратын. Көп тамақ жеудің денсаулыққа зияны өз 
алдына, ысырап болатынын да ескертетін. Ал дінімізде ысыраптың кез 
келген түрі харам болып саналады. Қомағайлықпен ретсіз жеп-ішу ысырапқа 
сеп болғандықтан оны ұнатпайтын. Бірде семіздеу бір кісіге «Бұдан гөрі 
кішкене арықтар ма едің?» (Хайсәми, Зәуайд 5/37 ) дегені бар.
«Китабу тыб» (ем кітабы) атты хадис кітабында Аллаһ елшісінің (с.а.с.) 
денсаулыққа аса мән бергендігі айтылады. Бала туылысымен құлағына азан 
мен қамат оқылуын бұйырып, «Осылайша Үммі сыбиян (Жас балаларға 
үйірсек жынның аты) балаға зиянын тигізбейді» (Азимабади 14/9; Бәйһақи; 
(әлсіз хадис) ) деген.
Хасан мен Хүсейінді барлық жын-шайтаннан, жануарлардан, көз 
тиюден қорғау үшін Құраннан кейбір аяттарды оқып, Аллаһтан амандық 
тілейтін. Хақ елшісі (с.а.с.) Үммі Сәламаның жанында көз тиюден жылаған 
балаға «руқия» (Науқасқа Құраннан «Фатиха», «Аятул-курси», «Әманар- 
расул», «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» және Пайғамбарымыздың кейбір 
хадистерін оқу арқылы Аллаһтан шипа тілеу «Руқия» деп аталады) оқуды 
бұйырады. Балалардың тамақ ісіну (ангена) себебінен тамақ бездерін 
алдырып тастауға тыйым салып, оның орнына «ғудул- һинди» (Ағаштың аты. 
Ағылшын тілінде «Aquilaria malaccensis» деп аталады) ағашының шырынын 
тамызу керектігін айтқан. Сахабалар осы секілді көптеген ауру балаларды 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) әкеліп, емдеткен.


Денсаулыққа зияны орасан ішімдік ішуге, өлексемен қоректенуге, 
доңыз етін жеуге қатаң тыйым салған. Ауруларды жұқтыратын микробтардан 
ерекше қорғанып, дәретхана тазалығы, тамақтан бұрын және кейін қол 
жууды, жиі-жиі дәрет алуды насихат етіп, су ішкенде ыдысқа үрлеуге тыйым 
салған. Зинаның күнә болуымен қатар денсаулыққа да өте қауіптілігін 
ескертіп, мұны да пышақ кесті тыйған. Оның орнына ораза ұстауды, суға 
шомылып, ат ойындарымен айналысуды үйреткен. Бұл – біздің қазір 
насихаттап жүрген салауатты өмір салтының бір қыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет