Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Дүниеге келген жас нәресте үшін дұға еткен бе?



Pdf көрінісі
бет104/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
89. Дүниеге келген жас нәресте үшін дұға еткен бе? 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жас нәресте үшін дұға жасайтын. Айша анамыз 
(р.анһа) бір әңгімесінде: «Хазірет Пайғамбарға нәрестелер әкелінетін. Ол – 
нәрестелер үшін берекет тілеп, дұға ететін», – дейді. (Әбу Дәуіт, Әдеп, 108) 
Сонымен қатар, сәбилі болған сахабалар Пайғамбарымызды немесе басқа 
мұсылмандарды қонаққа шақырып, ақ тілегін алған. Мысалы, Муауия ибн 


Қурра ұлды болған кезде сахабаларды қонаққа шақырып, астан кейін оларға 
дұға жасатып, артынан өзі де ұлының діндар әрі ақылды болуы үшін тілек 
тілегенін, қонақтардың оның тілегіне «әмин» деп қосылғанын баяндайды 
(Әдәбул-Муфрәд, 429-б) .
Немерелері хазірет Хасан мен Хұсейін үшін Аллаһтан: «Сендерді 
барлық шайтаннан, зиянды жәндіктен, сұқ көзден Аллаһтың мінсіз сөздеріне 
(Құран мен Аллаһтың көркем сипаттарына) сыйынамын», – деп дұға еткен. 
«Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады », – деп мәлімдеген 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тәрбие барысында бала үшін дұға жасап, Ұлы 
Раббыға тәуекел етуді естен шығармау керектігін өзінің сүннет жолымен 
үйреткен.
90. Елшілер мен қонақтарды қалай күтіп алатын? 
Жоғарыдағы тақырыптардың бірінде айтылғандай, Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) өзге елдермен байланысы Мәдинаға келгеннен кейін басталған.Мекке 
алынғаннан кейін алыс-жақын шет елдермен қарым-қатынас қарқын ала 
бастады. Жер-жердегі түрлі наным-сенім өкілдеріне құрметпен қарап, оларға 
да Хақтан келген хабарларды жеткізіп, өзінің пайғамбар екенін дәріптеген. 
Алыстан ат арытып жеткен елшілер мен қонақтарды мешіт ауласындағы 
шатырлар мен сахабалардың үйінде қонақ қылатын. Сахабалар меймандарға 
ерекше құрмет танытып, Исламның жақсы қасиеттерін көрсеткен.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қонақтармен жақынырақ танысып, әңгіме-
дүкен құратын. Тәуір киімдерін киіп, сахабаларына да соны тапсыратын. 
Егер келе жатқан кісі күн бұрыннан белгілі болса, сахабалармен жиналып 
олардың жақсы жақтарын сөз қылып хүснизан (Адамдар туралы жақсы 
ойлау) ететін. Таяғымен келгенге тай мінгізіп, аяғымен келгенге шапан 
жапқан өте қонақжай еді. Бірде келген қонақтардың астына киіп жүрген 
жалғыз шапанын төсеп күткенін бүгінгі күні тарих беттерінен танып 
отырмыз. Елшілерді жанына шақырып, елдерінің жақсы жақтарын тілге тиек 
ететін. Кейбірін үйіне арнайы шақырып, шығарып саларда құр қол 
жібермеуші еді. Алып келген сыйлықтан бас тартпай қабыл алатын. Бұған 
оның ерекше мән бергені секілді, өмірінің соңғы жылдарында сахабаларға да 
«Елшілерге сендер де сыйлық беріңдер» (Бұхари, Жиһад 176-177.) деп өсиет 
еткен. Мұның сүннетте айтарлықтай орны бар.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қонақтары төртке бөлінді. Алғашқысы – 
жаңадан келген, Исламның жылуын көрмеген адамдар. Исламды оларға 
жақсылап таныстырып, дұрыстап күтпесе, өле-өлгенше дінімізді сол таныған 
күйі қабылдар еді. Ал олар тегін кісілер емес, әрқайсысы бір елдің атынан 
келген атқамінерлер еді, сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға ерекше 
құрмет көрсеткен.
Екінші топ – мұсылмандармен бұрыннан үлкен сыйластық орнатқан, 
бірақ өздері Исламды енді қабылдап жатқан тайпалар мен елдер еді. Бұлар 
Исламға сенетін, достығы орныққан бауыр басқан адамдар. Ендігі жерде 


Пайғамбарымыз (с.а.с.) арадағы достықтың сүйегіне таңба түсірмеуді 
ойлайтын.
Үшіншісі, бір келетін қонақтар, алыстан ат ары- тып келетін ресми 
тұлғалар еді. Ислам мемлекеті танылғалы көрші елдер дипломатиялық 
қарым-қатынас орнату үшін өз елшілерін жіберетін. Бұлар дүниеге деген 
өзіндік көзқарасы қалыптасқан, ұстанған бағыты мен саясаты бар, белгілі бір 
мүддені көздеп келген адамдар болушы еді. Жай кетпей сынай кететіні тағы 
бар. Бұларға Ислам туралы жақсы пікірмен кетсін, келешекте бұлар да 
Аллаһтың хақ дінінен бақыт тапсын деп сый көрсетіп бағатын. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ахлағы мен болмыс-бітімі әһл-кітапқа кеңінен 
таныс.
Келетіндердің төртінші бір тобы соңғы пайғамбардың шын-өтірігін 
тексеруді мақсат етіп келетін яһуди мен христиан халқы еді. Олар 
кітаптарында айтылған пайғамбарды өз көзімен көру үшін келетін. Көбісі 
мақтаулы пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) көре сала иман ететін. 
Елдеріне кеткеннен кейін де барған жерлерінде Исламды уағыздайтын.
Ғаламның рақым нұры (с.а.с.) мұнафық пен мұсылманға, кәпір мен 
кітап иелеріне де түгел мейірімін төге білді. Пайғамбарлық ісінің мүлтіксіз 
орындалуына да осы мейірімі сеп болған. Жоғарыдағы сахабаларына да соны 
тапсырған. Сахабалар да аз уақыттың ішінде адамзаттың асыл тәжінен (с.а.с.) 
алған тәлімінің арқасында Исламның іргетасын берік етіп іргелі ел қылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет