Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіру олардың күн тәртібіндегі бірінші мәселеге
айналды. Алда-жалда мұсылмандар біреулермен соғыса қалса, яһудилер
дереу қарсы жаққа көмек беріп, қырғи-қабақ соғысқа көшті. Құран аян еткен
осындай соғыстардың бірі Хандақ шайқасы еді. Күннен күнге
өрши берген
жаулықтан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) яһудилерге барып, оларды отырған
жерінен қуып шықты.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұрттың бәріне деген мейірімін кезі
келгенде яһудилер де пайдаланды,
бірақ жақсылыққа жамандық
жасағандарды Пайғамбарымыз (с.а.с.) да лайықты жазалай білді.
Христиандарға келер болсақ, олардың кейбірі Исламды қабылдаса,
кейбірі яһудилер секілді ерегісе түсті. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
христиан
мемлекеттеріне де хат жолдап Исламға шақырды. Олардың кейбірі Исламды
қабылдады, кейбірі қабылдамады, бірақ ақыр аяғында араб түбегі тұтастай
мұсылмандықты қабылдап, Ислам діні өзінің гүлдену дәуірін бастады.
Достарыңызбен бөлісу: