Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Не себепті жұпыны өмір сүрген?



Pdf көрінісі
бет28/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
25. Не себепті жұпыны өмір сүрген? 
Бақуатты мол дастарқаннан дәм татып, аста-төк ішіп-жеу былай 
тұрсын, 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) 
өте 
қарапайым 
өмір 
сүрді. 
Пайғамбарлығының сонау алғашқы кездерінің өзінде мүшріктер талай мәрте 


алдына жүгіне келіп, қалағаныңды ал да біздің дінімізге тиіспе, 
пұттарымызға соқтықпа деген еді. Кейін де соғыстардан түскен керуен-
керуен олжа Мәдинадағы үйіне дамылсыз ағылып келіп жатты. Бір түйірін де 
өзі алып қалмай жұртқа таратып беріп, сол күні кешке өзі аш жататын. 
Тіршіліктен тарыққан кез келген адам соның үйін табатын. Үміті алдамайтын 
да еді. Қолындағының бәрін беріп қойғаннан кейін де келген кісінің бетін 
қайтармау үшін біреуден қарыз алса да сұрағанын тауып беретін.
Тақуалықты ту еткен, Аллаһ разылығынан басқа ештеңені құнды 
көрмеген адамның жұпыны өмір сүруі түсінікті де. Адамзатқа мейірімділікті, 
Жаратушыға деген махаббатты түсіндіру үшін ғана келген адам бұл өмірден 
не алсын? «
Менің сыйымды Аллаһтың Өзі ғана береді
» («Юнус» 
сүресі,72; «Һуд» сүресі, 29; «Сәба» сүресі, 47) деп мынау жалған өмірден 
ештеңе күтпей, не де болса қалауын Аллаһтан сұраған.
Пайғамбарлықтың бір дәлелі – айтқанын өзі де өмірінде іске асыруы. 
Осы жауапкершілік Расулаллаһтың (с.а.с.) мойнын дүниеге бұрғызбады. Өзі 
дүние жинап, бақуатты өмір сүріп, артынан дүниені Аллаһ үшін, ақирет үшін 
жұмсау керек десе, көпшілік қауым дүдәмал күйде қалары анық.
Бусари: «Аштығы сезілмесін деп беліне тас байлап жүретін. Дүние оған 
бірнеше рет келіп өзін қабылдата алмай-ақ кетті. Ол тұрмыс тауқыметін 
тартқан сайын тақуалығы көз жетпес биікке көтеріле берді», – деген.
Қандай жағдайда жүрсе де азға қанағат етіп, шүкір етіп, тақуалықпен 
өмір сүруді барша үмбетіне үлгі етіп кетті. Дүниеге адам баласы еш уақытта 
тоймайтындығын хадистерінде жиі айтты. Артынан ерген Әбу Бәкір (р.а.) де 
Аллаһ елшісін (с.а.с.) осы жолда үлгі етті. Әбу Бәкір халифа болған кезінде 
отбасының нәпақасын өз еңбегімен тауып отыратын. Халифалық жұмысына 
байланысты айлық беріле бастады, алайда осы айлығын өзіне көп көрді. Ол 
Мәдинаның ең кедей адамының күн көрісін өзіне өлшем етіп алды, 
сондықтан артылған ақшаны бір құмыраға салып жинай берді, жинай берді. 
Екі жарым жылдық халифалық кезінде жалақысын осылай үзбей жинап 
отырды. Қайтыс болар алдында «
Өзімнен кейін келетін халифаға беріңдер
», – 
деп құмыраны табыстап кетті. Омар (р.а.) халифа болып, осы құмыраны 
сындырғанда, ішінен теңгелер және хат шықты. Хатта: «
Мына ақшалар 
маған берілген айлықтан артылып қалғандар. Мен Мәдинаның ең кедейін 
өзіме өлшем етіп, артылған ақшаларды осы құмыраға салып отырдым, 
сондықтан бұлар қазынаға тиесілі
», – деп жазып кеткен екен(Әбу Нуайм, 
Хилия 1/30). Омар бұл хатты оқып көзіне жас алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет