Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


Егер азап ететін болсаң, олар – Сенің



Pdf көрінісі
бет26/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
Егер азап ететін болсаң, олар – Сенің 
құлдарың
» («Мәида», 5/118) деп қауымының азапталуын Аллаһтың 
қалауына қалдырған болатын. Ал Пайғамбарымыздың қадір- қасиетіне көз 
салсақ, Аллаһ тағала оған: « 
Сен арасында болған кезде Аллаһ оларға азап 
етпейді
» («Әнфал» сүресі, 33-аят.) – деп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
құрметіне азапталмайтындығын уәде етуде. Сондай-ақ аяттың жалғасында: « 
Және кешірім сұрап, жалбарынып жатқанда да, Аллаһ оларға азап етпейді», – 
деп Пайғамбарымыздың (с.а.с.)мұсылмандардыңжүрегінде тұрған кезде 
Аллаһ оларға азап жібермейтінін білдірді. Мұхаммед (с.а.с.) үмбетінің екі 
бірдей қалқаны бар. Алғашқысы – Аллаһ елшісінің рухы бізбен бірге болуы. 
Екіншісі – хақ пен ақиқатқа барынша қызмет етер мұсылмандардың дәйім 
Аллаһтан кешірім тілеп, истиғфар етуі.
Осыны көңілге медет қылып, қалың бұқара халқымызға азап бермес 
деп үміттенеміз. Хадис кітаптарына көз жүгіртсек, Рақым Пайғамбарының 
үмбеті үшін егіліп кешірім тілегенін көреміз. Бұл жалбарынудың ең үлкен 
көрініс тапқан жері қоштасу қажылығында Арафат пен Мұздалифада орын 
алды. Екі мүбәрак жерде ерекше ықыласпен көп дұға жасады. Тіпті кісі 


ақысы үшін де кешірім тілеп жалба- рынды. Мұны көзі көрген сахабалар 
Аллаһ елшісінен сөзбе-сөз былай жеткізеді: « Раббымнан үмбетімді 
жоймауын сұрадым, дұғам қабыл болды ». Алайда артынша « Олардың 
жойылуы өз араларында жүзеге асады. Күнә істеген уақыттарында үмбетіңді 
бір-біріне жазалатамын», – деген іле бұйрығы келді. Мен бұл жазаның да 
алынып тастауын тіледім, бірақ Раббым қалдырды ».
Ежелгі замандарда қауымдар күнә істеп шектен шыққанда көктен от 
түсіп, не болмаса табиғат апаттары түп-түгел жер бетінен ізім-қайым жоқ 
қылатын, бірақ Мұсылман үмбеті күнә істегенде Аллаһ тағала бір- біріне 
жазалатады, өзара алауыздық тудырып, бірімен- бірі жаға жыртысып, бір-
бірін көрместей халге жетеді. Күнәдан аулақ болып, Аллаһ пен Елшісінің 
(с.а.с.) айтқанына амал еткен үмбетте бірлік пен тыныштық әрқашан үстемдік 
құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет