Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


Негізінен, сен ұлы ахлаққа



Pdf көрінісі
бет39/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

Негізінен, сен ұлы ахлаққа 
иесің
» («Қалам» сүресі, 4) .
Хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) ұлы көркем мінез иесі екенін тарих та 
көрсетті. Надандықтың уыты қайтпаған кезеңде ер жеткеніне қарамастан, 
шарап ішу, пұтқа табыну, не болмаса ел арасында жаппай етек алған 
жиіркенішті әдетке бой алдыру сынды шайтанның лас істерінің ешбір 
құрығына түспегенін көреміз. Қаншама дұшпандарының өзі ол туралы 
титтей де жаман ойға бармаған.
Расулаллаһ (с.а.с.) құдды бір Құранның тірі үлгісіндей еді. Ақтық демі 
таусылғанша кітапта Аллаһтың әмір еткенін екі етпей, тыйғанынан бойын 
аулақ салды. Бір кісі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінезі туралы сұрағанда 
хазірет Айша анамыз (р.анһа): «Сен Құран оқымаушы ма едің? Ол кісінің 
мінезі Құран емес пе?» – деп еді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.): « Мен көркем 
мінезді толықтыру үшін келдім », – деген хадисі бұл ойымызды бекіте түседі.
Адамзат пен жындарға жіберілген ең соңғы елшінің барлық ахлақтық 
құндылықтарды бойына жинақтауы ақылға қонымды да. Аллаһ құлын ең 
көркем түрде тәрбиеледі. Ахлағының өзі пайғамбарлығының бір дәлелі 
деуіміз де сондықтан. Алғаш рет уахи періштесімен кездесіп, үрейленіп үйіне 
жеткенде жұбайы Хадиша анамыз (р.а.) мынаны айтып еді: «Ант етейін, 
Аллаһ сені ешқашан жерге қаратпайды, өйткені туыстарыңа қарайласасың, 
әлсіздерге қол ұшын бересің, жарлы-жақыбайларға ерекше көмек көрсетесің, 
алдыңа келген қонақты разы қылып, жұрттан көмегіңді аямайсың» . Хазірет 
Хадишаға (р.а.) бұл сөздерді айтқызған себеп Расулаллаһтың (с.а.с.) пәк 
болмысы еді. Олай болса, мінез-құлық жағынан титтей де қателік жібермеуі 
оның нағыз елші екендігіне дәлел.


33. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұмсақтығы мен кешірімділігі 
Аллаһтың нығметі ме? 
Бір-біріне қарама-қайшы жақсы мінезді өз өмірінде үйлесімде ұстауы 
кез келгенге оңай соқпасы анық. Мәселен, бір адам жомарт болғанымен тым 
астамшылыққа бой алдырса, бұл қасиеті ысырапшылдыққа ұрындыруы 
мүмкін. Ержүректікпен әйгіленуі мүмкін, алайда кей кезде одан қатыгездік те 
шығады. Ал адамзаттың асыл тәжі (с.а.с.) болса, асыл мінездің ең 
жақсыларын тұла бойына жинақтап, өз мөлшерінен асырмай, орта жолдан 
таймаған. Әлемге үкім жүргізе алар ірі тұлға болуымен қатар, ойын ба- 
ласымен бала болып ойнайтындай кішіпейілдігі адам айтса нанғысыз. Рухы 
өр батыр бола тұра өте сезімтал, жұмсақ мінезділік танытқан. Батырлығымен 
зәбір көрсетуге, ал жұмсақтығымен қорлануға жол бермейтін. Қарапайым, 
салмақтылығымен қатар жылы жүзді, қарсы алдындағы кісінің жанына жылу 
беретін. Нар көтере алмас ауыр жүкті арқалай алатын ер тұлғасында ерекше 
жұмсақтық пен кешірім бар еді.
Жұмсақтық – кеудені ыза-кек кернеген кезде өзін-өзі ұстау, кекшіл 
емес, көпшіл болу, сондай-ақ суқаны сүймейтін істерде сабыр етуі. Тарихтан 
белгілі, Пайғамбарымыз дағуатын бастағаннан-ақ қалың жұрт қасарысып 
шыға келген. Арасында күштісі мен әлсізі, ақымағы мен ақылдысы, туыстары 
мен туыс еместері де бар бұл көпшіліктің кейбірі жаңа дінді шындап 
үйренейін деген ниетте болса, енді бірі сөзінен сүріндірейін деп қасақана 
сұрақ қоятын. Ешбір күш төтеп бере алмайтын осынау ауыр кезеңдерді 
Аллаһ елшісі кешірімділігімен, жұмсақтығымен жеңетін. Көркем мінездің 
шыңына жеткен Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Өзінікі дұрыс болса да, өзгелермен 
таласып-тартыспаған адамға жаннаттың шетінен үй берілетініне 
кепілмін. Қалжыңдап болса да, өтірік айтпаған адамға жұмақтың қақ 
ортасынан үй берілетініне кепілмін. Сондай-ақ мінез-құлқын көркейткен 
адамға пейіштің төрінен үй берілетініне кепілмін
» (Тирмизи, Бирр, 58)– деп 
тартысты жаны қаламайтын, әрқашан кешірімді болуды қалайтын.
Жұмсақтық көңілдің кілті іспеттес. Расулаллаһ құдай дарытқан осы 
қасиетіне сүйене отырып, Мекке мен айналасындағы момынынан бастап ең 
қасарысқан қырсығына дейін ақиқат дінді насихаттады. Мекке мүшріктері 
қолмен де, тілмен де Пайғамбарымызға (с.а.с.) зәбір көрсетті, ақыр соңында 
туған жерінен кетуге мәжбүр болды. Кейін дін Ислам Мәдинада өркен жайып 
Мекке қаласы мұсылмандардың қолына өтті. Әділдік тұрғысынан қалаға ат 
ойнатып кіріп, баяғыда өзін қорлаған қаншама адамдарды артық ауыз сөзге 
келмей қырып салса ешкім қыңқ етіп қарсы шықпас еді, бірақ 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қуылған кезінде қалай шықса,Мекке өз қолына 
өткенде де қаланыңқақпасынан дәл солай кірді. Басын төмен ұстағаны 
соншалық – жұрт басы түйесінің еріне дейін жететіндей иілгенін көрген. 
Көкірегінің кеңдігімен «Сендер азатсыңдар», – деп барлығын кешірді.
Жұмсақтық – Аллаһтың соңғы елшіге бер- ген рақымдылық көрінісі. 
Егер Расулаллаһ дөрекі, тасжүрек мінез танытса, маңына ешкім жуымас еді. 
Дін жолындағы қиындығы мен қорлығы адам айтса нанғысыз болса да, бір 
сәтке де қабақ шытып, ісінен түңілген емес.


Теңдессіз жұмсақтығы болмағанда, таблиғты осыншалықты аз уақытта 
жеткізуі өте қиынға соғар ма еді. Ұхұд соғысы болар алдында Аллаһ елшісі 
сахабаларына әртүрлі соғыс тәсілдерін егжей-тегжейіне дейін түсіндірген. 
Соның ішінде қатаң табыстап садақшыларды да бір төбеге орналастырды. 
Соғыс барысында, олар осы айтылған нәрселерді толықтай орындаудың 
орнына, берілген қорғаныс шебін бұйрық келмей тұрып тастап кетіп, 
мұсылмандар уақытша жеңіліске ұшырады. Сол себепті шейіт кеткендер мен 
жараланғандар аз болған жоқ. Аллаһ елшісінің де басы жарылып, тісі сынып, 
денесі қанға боялды. Міне, осындай уақытта Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
мейірімді, биязы болғандықтан, жазалау былай тұрсын, оларды ұрсып, 
жекуді ойына да алмады. Аллаһ елшісінің орнында басқа бір басшы 
болғанда, тым құрығанда қатулы қабақ танытып, «Мен сендерге былай 
істеңдер деп айтпап па едім?!» – деген секілді реніш білдірер еді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) керек кезінде өзінің ұстамдылығымен мұсылмандарға 
ерекше мейірімділік танытқан. Құранда оның кешірімді екендігі жайында 
былай деген: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет