Айша анамыз былай дейді: «Бірде көңілді күйін көріп: «Уа, Аллаһтың
елшісі! Мен үшін дұға тілейсің бе?» – дедім. Ол: «Аллаһ тағалам, Айшаның
өткен және келер, жасырын және жария күнәларын кешіре гөр», – деді. Айша
(р.а.) бұған қатты қуанды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға: «Бұл дұғам
сені қуанттыма?Аллаһтың атымен ант етейін, шындығында, бұл дұғаны
үмбетім үшін әр намазда оқимын» (Сахих ибн Хиббан 47/16) деген. Барша
пайғамбарларға жауапсыз қалдырылмайтын бір дұға нәсіп етілген. Алайда
олар дұғаларын дүниеде қолданды. Ал Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) дұғасын
ақиретке қалдырды. Ақиретте үмбетінің қиын сәтінде шапағат ету үшін
сақтады.
Қайта тірілгенде, қыл көпірде, есеп бергенде қол ұшын созып, үмбетін
уайымдап жүреді. Дүниеде баласы үшін жанын беруге дайын ана қорқыныш
пен үрейлі махшар күні баласынан қашатын күн туады. Міне, осындай күні
тіпті пайғамбарлардың барлығы өз басын уайымдауға көшкенде Мұхаммед
пайғамбарымыз (с.а.с.) «үмбетім, үмбетім» деп үмбетінің жағдайына
алаңдайды. Бұл жағдайды Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз сөзінде былайша
баяндайды: «
Қиямет күнінде адамзаттың басшысы мен боламын. Не үшін,
білесіңдер ме? Аллаһ тағала барша адамзатты тегіс бір жерге жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: