Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет58/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

Миғражда үмбетін ойлады
Аллаһ елшісі (с.а.с.) миғражға шықты, ешбір жаратылысқа нәсіп 
болмаған Аллаһтың құзырына барды, жаннат пен тозақты көрді. Аллаһ 
тағаланың «
әс- саламу алайкум аййуһән-нәби
» (Әй, нәби, саған сәлем 
болсын!) деген сәлемін алды. Мұндай қасиетті сәлем сөзіне тек өзі ғана 
бөленбей, Аллаһтың сәлемі « 
әс- сәләму алайна уа ала ибадиллаһис-салихин» 
(Аллаһтың сәлемі бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарының бәріне болсын 
!)
деп үмбетінің салихалы құлдарына да болатынын айтты. Осылайша барша 
жаратылыстың жаратушысы Аллаһ тағаланың құзырында тұрғанда да өзінің 
үмбетін ұмытпаған.
Миғражда Аллаһтың мол нығметінің ортасында жүрсе де үмбетіне 
қайта оралған Пайғамбарымыз (с.а.с.): « 
Мүміндер жаннатта жұма күні 
Аллаһ тағаланың дидарын тамашалайды 
», – деп сүйіншіледі. Негізінде, 
дүниеде мыңдаған жыл рақат өмір сүрсең де жаннаттың бір күніне тең 
келмейтіні секілді, жаннаттың мыңдаған жылы бір сағаттық Аллаһтың 
дидарын көруге тең келмейді.
Үмбетінің ақирет азабына ұшырататын күнә істері үшін қатты 
қынжылатын.
Адамның нәпсісі көбіне жамандыққа итермелейді, жалқаулық пен 
ақирет қамын ойламауға, ғапылдықа жетелейді. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
әрдайым бізді 
 
дүние мен ақиреттің пайдасына шақырып, екі дүниеде де 
бақытқа кенелуімізді қалайды. Ақиреттің азабынан құтылуымызды ойлайды. 
Олай болса, Аллаһ тағаланың « 
Пайғамбар мүміндерге өздерінен де артық
» («Ахзаб» сүресі, 6-аят) деген.
Пайғамбарымыз: «
Менімен сендердіңжағдайларың от жаққан 
адамның жағдайына ұқсайды. От жаққан кезде пәруаналар отқа түсе 
бастайды. Әлгі кісі оларды қуып (отқа түсірмеу үшін) жақындатпауға 
тырысады. Мен де сендерді оттан (тозақтан) құтқару үшін етектеріңнен 
тартып ұстауға тырысамын. Ал сендер қолымнан сытылып шығып кете 
бересіңдер
» (Бұхари, Риқақ, 26; Мүслим, Фәдәил, 17-19) , – дейді. 
 
Пайғамбарымыз бір сөзінде үмбетінің күнәлары үшін Аллаһ тағаладан 
жарылқау тілейтінін былайша баяндайды: «Саяхаттап жүретін періштелер 
бар, маған үмбетімнің сәлемін жеткізіп отырады», – деді де, артынша: « 
Өмірде болғаным сендер үшін жақсы, өзара сөйлесіп, сұхбаттаса аламыз. 
Жан тәслім еткенім де сендер үшін қайырлы, сендердің амалдарың 
ұсынылғанда, игі амал болса Аллаһқа шүкір етемін, ал егер жаман іс болса 


Аллаһтан сол амалдың иесі үшін кешірім тілеймін » (151 Ибн Сайд, 
Табақатүл күбра 2/194; Мүснад әл-Бәззәр 1/307) , – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет