Парсылар Шам жерін, Палестина мен Мысырды жаулап алды. Қасиетті
шіркеулерін күйретті. Римдіктердің жағдайы қатты нашарлады,көптеген
шығынға ұшырады, тіпті ел болып қайта аяққа тұруы мүмкін еместей күйге
түсті. Рим королі Гераклге өзінің қарамағындағылар қарсы шығып,
басшылық ыдырай бастады. Қысқасы, барлық ел Римнің күйрейтін сәтін
күтіп отырды. Міне, осындай сәтте мұсылмандарға «Рум» сүресіндегі аят
түскен болатын. Аятта римдіктердің бірнеше жыл ішінде қайта жеңіске
жететіндігі білдірілді. Біреулер үшін бұл аятқа сену мүмкін емес көрінді,
тіпті араб мүшріктері Құранның бұл аятындағы хабар орындалмайды деп
сенді. Алайда Құранның басқа аяттары секілді бұл аят та ақиқат
болғандықтан орындалатыны сөзсіз еді. 622 жылы римдіктер қайта күш
жинап Парсыларға соққы беріп, жеңіске жетті. 627 жылы екі жақтың
әскерлері соғысып, римдіктер парсылардың отарлап алған жерлерін азат етіп,
өздеріне қайтарып алды. 630 жылы Парсылардың басшысын жеңіп, Құдыс
жерін өздеріне қайтарады. Осылайша аятта айтылған «бірнеше жыл ішінде»
дегені 3 пен 9 жыл арасын білдіретін болғандықтан, аят түскеннен кейін 9
жылдың ішінде аят ақиқатқа шықты.
Бұл аяттағы тағы бір мұғжиза, ол кезеңдегі ешкімнің білуі мүмкін емес
географиялық нақтылық. «Рум» сүресінің 3-аятындағы «
Достарыңызбен бөлісу: