Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


Әднәл-ард » сөзін  тәпсірші ғалымдар «  ең жақын жерде



Pdf көрінісі
бет61/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

Әднәл-ард
» сөзін 
тәпсірші ғалымдар « 
ең жақын жерде
» деп тәпсірлесе де кейбір тәпсіршілер 
бұл сөздің тікелей мағынасын алып «ең төменгі жер» деп түсіндірген. Бұл 
мағынаны 
алғанда 
римдіктердің 
«дүниенің 
ең 
төмен 
жерінде» 
жеңілгендіктері шығады. Қазіргі таңда жер шарының ең төмен жері «Лут 
көлі» (Өлі теңіз) болғанын көреміз. Бұл жер, теңіз денгейінен 399 метр төмен 
орналасқан, сондықтан қазіргі зерттеулер нәтижесі бойынша ең төменгі жер 
осында. Ал римдіктердің ең ауыр соққыға ұшырап, жеңіліске ұшыраған жері 
осы «Лут көлінің» маңындағы Құдыста болған. Олай болса, ол кездері жердің 
ең төменінің қайда екендігін және ол жерде жеңіліске ұшыраған 
римдіктердің қайта жеңіске жететінін бір Аллаһтан басқа ешкім білмейтін.
Бұл аят түскенде Әбу Бәкір мүшріктерге: «Аллаһ сендерді ешқашан 
табысқа жеткізбесін! Аллаһтың атымен ант етемін, бірнеше жыл ішінде 
римдіктер парсыларды жеңеді», – дейді. Сонда қарсы тараптағы Үбәй ибн 
Халаф Әбу Бәкірмен үш жылға он түйеге бәстеседі. Осы жайтты естіген 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірге: «Бірнеше жыл» деген 3-тен 9-ға дейінгі сан,
 
бәстесулеріңнің уақытын ұзартып, түйенің санын арттыр», – дейді.
Артынша Әбу Бәкір барып Үбәй ибн Халафпен кездесіп, бәстесуді жүз 
түйеге, уақытын тоғыз жылға ұзартты.
Артынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға һижрет етті. Ұхұд 
соғысында Үбәй қайтыс болады. Бәсекеден жеті жыл өткеннен кейін 
римдіктер парсыларды жеңеді. Әбу Бәкір Үбәйдің мұрагерлерінен 100 түйені 
алып Аллаһ елшісінің құзырына келді. Аллаһ елшісінің нұсқауымен 100 
түйені садақа етті (Кәшфул-хақайық ан нукутил аяти уад-дақайқ, Мұхаммед 
Карим әл-Бақуи, «Рум» сүресінің тәпсірі. Сайд Құтып, «Фи зилалил Құран», 
«Рум» сүресінің тәпсірі) (Бұл оқиға екі жақтық бәстесуге тыйым салыну үкімі 
түспей тұрып болды).


Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірнеше сахабаларымен мешіт тұрғызып 
жатқанда Аммарға кімдердің қолынан қаза табатыны жайлы: «
Әй, байғұсым-
ай, сені бүлік шығарушы топ өлтіреді
» (Кәнзүл-Уммал, 13/536; (қар: Бұхари, 
Саләт, 63; Мүслим, Фитән, 70,72,73; Мүснәд, 12/161,164) деп хабар береді. 
Аллаһ елшісінің бұл сөзі де отыз жылдан кейін іске асып, Аммар хазірет 
Алиге қарсы бас көтерген бүлікшілердің қолынан шейіт кетті.
Пайғамбарымыз бірде Абдуллаһ ибн Бусрдың басына мүбәрак 
қолдарын қойып: «
Бұл бала дәл бір ғасыр жасайды
», «
Жүзіндегі мына 
сүйкімсіз сүйелдер де кетеді
», – деді. Сахабалар бұл хадисті растап: « 
Ол кісі 
жүз жыл өмір сүрді, жүзіндегі сүйелдері де кетті
», – деді.
« 
Менен кейін халифат отыз жыл салтанат құрады
», – деді. Бұған да 
тарих куә. Атақты төрт халифа мен Алидің ұлы Хасанның мұсылман үмбетін 
басқаруы 30 жылға созылды.
« 
Осман Құран оқып жатқанда өлтіріледі
». Айтқанындай хазірет 
Осман (р.а.) Құран оқып отырғанда бүлікшілер қолынан һижри 35-жылы 
зулхижжа айында шейіт болды.
Бәдір соғысы басталмай тұрып құрайыш мүшріктерінен кімнің қай 
жерде өлетінін жеке-жеке көрсеткен еді. Айтқаны айна-қатесіз келді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сырқаттанып жатқан күндердің бірінде қызы 
Фатима анамызды (р.анһа) қасына шақырып алып, құлағына сыбырлайды. 
Хазірет Фатима осы сыбырды ести сала жылап, жүзінен мұң байқалды. 
Артынша Аллаһ елшісі оның құлағына тағы да сыбырлады. Бұл жолы 
Фатима анамыз қатты қуанды. Бұл жайды Айша (р.анһа) анамыз да байқап 
қалып мән- жайды сұрағанда, Фатима анамыз: «Бұл Аллаһ елшісіне тиісті 
сыр», – деп мән-жәйді айтпады. Хазірет Айша Пайғамбарымыз дүниеден 
озғаннан кейін арада біраз уақыт өткеннен соң Фатима анамыздан қайта 
сұрайды. Сонда Фатима анамыз: «Бірінші шақырған кезде, өзінің көз 
жұматынын айтты, сол үшін жыладым (Бұхари, Мәғази, 83; Мүслим, 
Фәда’илу’с-Сахабә,98.) . Екінші рет шақырғанда, «Отбасының ішінде 
алғашқы қауышарым сенсің» деді. Мен соған қуандым», – деп жауап береді 
(Бұхари, Мәнақиб, 25; Мүслим, Фәда’илу’с-Сахабә, 98, 99
)
. Айтқандай, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден озғаннан кейін алты ай өтісімен Фатима 
анамыз дүние салды. 
 
Ыстамбұлдың алынуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір сөзінде былай дейді: 
«
Константинополь (Ыстамбұл) бір күні сөзсіз алынады. Оны алған 
қолбасшы – неткен керемет қолбасшы! Оны алған әскер неткен тамаша 
әскер!
» (Мүстәдрак, 4/422; Мүснәд, 4/335.) Осы сөз Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) аузыннан шыққаннан бері қаншама сахабалар мен дінді жеткізуді 
өзіне міндет еткен мұсылмандар сан рет Ыстамбұлдың түбіне дейін келіп, 
оның іргесіне ат басын тіреп тұрып, ала алмай кері қайтқан. Соңында Фатих 
Сұлтан хадистегі сүйінші хабардың іске асуына себепкер болды. 1453 жылы 
6 сәуірде Стамбулды азат етіп, Пайғамбарымыздың бұл айтқан сөзі де 
Аллаһтың қалауымен орындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет