Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Яһудилер мен христиандар Пайғамбарымызды (с.а.с.) білген бе?



Pdf көрінісі
бет17/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

15. Яһудилер мен христиандар Пайғамбарымызды (с.а.с.) білген бе? 
Кітап иелері Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кескін- келбетіне дейін білген. 
Құранда бұл туралы: «
Кітап түсіргендеріміз (Яһудилер мен христиандар) 
оны өз ұлдарындай таниды. Олардың арасындағы бір тобы біле тұра 
ақиқатты жасырады
» («Бақара» сүресі, 146) деп кітап түсірілген яһуди мен 
христиан ғалымдары Пайғамбарымыздың (с.а.с.) келетінін білгендігін 
айтады.
Аятта ерекше көңіл аударатын тұс Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімі 
аталмай, орнына «оны» деген есімдіктің қолданылуы, өйткені кітап иелері 


«ол» дегенде әрдайым Таурат пен Інжілде аты аталған тұлға, яғни хазірет 
Мұхаммедті (с.а.с.) меңзейді деп түсінетін.
Бірде яһуди ғалымы Абдуллаһ ибн Сәламнан хазірет Омар (р.а.): 
«Аллаһ елшісін өз ұлыңдай танитын ба едің?» – деп сұрайды. «Өз ұлымнан 
да артық танитын едім. Көңілімде әйеліме деген күдік туындауы мүмкін, ал 
расулаллаһтың (с.а.с.) пайғамбарлығына ешқандай күмәнданған емеспін», – 
деп ағынан жарылғанда, сөзіне іштей сүйсінген хазірет Омар (р.а.) оның 
маңдайынан сүйген екен.
Христиандарға келсек, олар да Мұхаммедтің (с.а.с.) соңғы елші екенін 
жақсы білетін. Әу баста христиандар арасында білімімен танылған Уарақа 
ибн Нәуфәл Хадиша анамыздың (р.а.) ет жақын туыстарының бірі еді. 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) алғашқы уахи келе бастаған кезде Хадиша анамыз 
соған барып, болған оқиғаның мән-жайынан құлағдар етеді. Сонда Уарақа: 
«Мұхаммед – жөні түзу адам. Барлық пайғамбарлардың басынан осындай 
жағдайлар өткен. Көзіне көрінген періште Намус әкбәр (Жәбірейіл періште), 
ол өз заманында Мұса мен Исаға да келген. Жуық арадаМұхаммед 
пайғамбарлығын жариялайды. Егер сол күнге жете алсам, айтқанына міндетті 
түрде иман етер едім», – деп, Аллаһтан түскен Тауратты оқып, ондағы соңғы 
елшінің сипаттарын білген Уарақа, оның (с.а.с.) күтілген соңғы пайғамбар 
екендігін мойындаған (Бұхари, Бәдиул-уахи, 3) .
Оны күтіп, келетінін сүйіншілегендердің қарасы бір-екі кісімен 
шектелмейді. Зәйд ибн Амр да ақырғы елшіні зарығып күтіп, сипатын 
көпшілікке айтудан шаршамаған, ақиқатқа шөлдеген мүмин жанның бірі еді. 
Ол жаннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі Саид ибн Зәйдтің әкесі әрі 
хазірет Омардың ағасы болып келеді. Бұрындары пұтқа сиынатын 
парықсыздардан бойын аулақ салып, мелшиіп үнсіз тұратын мүсіндерден 
келіп-кетер пайданың жоқтығын терең ұғынып, Ханиф дінін жанына медет 
қылып жүретін. Оның мына бір сөзі көре тұра иман етпегендерге таптырмас 
сабақ секілді: «Жаңа дін келіп күллі адамзатқа нұр шашқалы тұр. Шығуына 
тым жақын қалды. Сол күнге жете алар ма екенмін?»
Сахабаның бірі Амир ибн Рәбия мынадай деректі алға тартады: «Зәйд 
ибн Амр: «Мен хазірет Ибраһимнің ұрпағы, Әбдімүттәлибтің тұқымынан бір 
пайғамбар күтемін. Оған ғұмырым жете алмас, бірақ дәріптеген дініне иман 
етіп, хақ пайғамбар екенін мойындай- мын. Егер өмірің жетер болса, оған 
сәлем айт! Сипат- тарын айтайын, есіңде ұста!» – деп, баяндай бастады. 
«Ұзын да емес, қысқа да емес, орта бойлы. Толқын шашы қатты бұйра да 
емес. Есімі – Ахмед, Меккеде дүние есігін ашады. Пайғамбарлық міндет осы 
аймақта жүктеледі. Қауымы ескі сенімдерінен бас тартқысы келмегендіктен, 
оны Меккеден қуып шығады. Ол Яс- рибке (Мәдинаға) қоныс аударып, дінін 
сол жерден жа- яды. Осы жасыма келгенше шартарапты шарлап жүріп 
хазірет Ибраһимнің дінін іздедім. Сол жолда небір яһуди ғалымдарымен, 
христиан оқымыстыларымен кездестім. Барлығы маған бір ауыздан «Сенің 
іздегенің кейінірек келеді. Ол ақырғы пайғамбар. Одан кейін пайғамбар 
келмейді», – дегенді айтты».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет