Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Пайғамбарлық келмей тұрып Хира үңгірінде



Pdf көрінісі
бет20/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
18. Пайғамбарлық келмей тұрып Хира үңгірінде
қалай ғибадат етуші еді? 
 
Сол заманда Мекке халқының арасында ханиф дінін((Монотеизм), бір 
Аллаһқа 
сену) 
ұстанып 
өмір 
сүргендердің 
болғаны 
белгілі. 
Құрайыштықтардың басым бөлігі пұтқа табынғанымен, ат төбеліндей ғана 
адам күпірліктен бойларын аулақ ұстап, хазірет Ибраһимнен (а.с.) қалған таза 
дінді ұстанып, бір Аллаһқа сенді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сол ханиф кісілермен 
бір қалада тұрды және әуел бастан пұттарды тақамайтын. Кей уақыттарда 
Нұр тауының Қағбаға қарайтын беткейінде орналасқан Хира үңгірінде оңаша 
қалып ғибадат еткенді дұрыс көрді(Бұхариде келген бір хадисте былай 
делінген: «Оған жеке қалу сүйдірілді, ол Хира үңгірінде (Ибраһим 
пайғамбардың ханиф діні бойынша) құлшылық ететін».). Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) бұл үңгірде он күн, кейде бір(Кейбір деректерде Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) Хира үңгірінде түнеген күндері жылдың ораза айына сай келгендігі 
айтылады) айға жуық уақыт қалып құлшылық етті. Азық-түлігі таусылған 
кезде үйіне барып қайтатын. Аллаһ тағала адамзаттың жол көрсетушісі 
Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) Аллаһ тағала пайғамбарлыққа осылай 
дайындады. Қағбаны алыстан бақылап, әлемде жасалып жатқан қиянат 
атаулыдан жеке-жеке сыйынып, адамзаттан алыстап бара жатқан адамдық 
қасиеттерді қайтара гөр деп Аллаһқа жалбарынды. Мұндайда жүрек 
түкпіріндегі бір сенім Қағбаның болашақтағы иманмен нұрланған тап-таза 
халіндегі суретін көз алдына елестетіп, сол күндердің тұнық елесі бір сәтке 
көңілін жұбататын. Хирада ол бөгделерге жасырын, Хаққа анық, өзіне ғана 
тән ғибадат жасайтын. Түрлі деректерде хазірет Ибраһимнің (а.с.) дінін 
ұстанып, құлшылық қылғандығы айтылады. Алайда бұл құлшылықтың нақты 
қалай орындалғаны бізге беймәлім болса да Аллаһ елшісі (с.а.с.) рухани 
кемелдікке жеткені белгілі. Олай болса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл 
құлшылығынан мынадай сырларды аңғарамыз:
1) Жанталасқан дүниенің күйбең тіршілігінен кейде бөлініп, біраз 
уақыт жеке қалып, өз-өзін сұраққа тарту, Аллаһтың сансыз нығметтерін 
ойлау, айналасындағы жаратылыстарға қарап Оның құдіретін көрсететін 


дәлелдердің тұңғиығына бату. Бұлар адамның иманын арттырады, Аллаһқа 
деген сенімді молайтады.
2) Аллаһқа деген сүйіспеншілікті жүрегіне орнықтыру. Бұл Аллаһ 
жолында қанша қиындық болса да сабыр ету үшін күш-қуат көзі болып 
табылады. Адам біреуді сүйгендіктен, соның жолында қиыншылықтардан 
ләззат алады, ұзақ жолдар қысқа көрінеді, уақыт пен ақша құнсыз көрінеді. 
Сол секілді, Аллаһты сүйген адам дін жолында, дінді тарату жолында көрген 
қиыншылықтарына төзе алады, өзіне, отбасына келген қиыншылықтарға 
сабыр етеді.Алайда мұндай сүйіспеншілікке жету үшін Аллаһтың адам 
баласына берген сансыз нығметтерін ойлауы, бұл әлемді адам баласы үшін 
мекен етіп жаратқанын ұғынуы, жер бетіндегі жаратылыстарды адам 
баласына қызмет еттірген Аллаһ екенін жиі еске алуы керек. Сонда ғана 
Аллаһ тағала пендесінің жүрегін, өзіне деген махабаттпен, сүйіспеншілігіне 
бөлейді. Сонда ғана өзінің қоғаммен бірге жүріп маңызды деп санаған фәни 
дүниелік мақсаттары, мәнсіз саналып, Аллаһтың хикметке толы әмірлері 
маңызды бола бастайды. Дін жолында жүріп көрген қиындықтары, 
біреулердің келеке етуі, қарсы сөз айтып, дінді таратуға бөгет болғысы 
келгендердің істері шыбын шаққан құрлы әсер етпейді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) Хира үңгірінде Аллаһтың сансыз нығметтерін көп ойлап, рухани 
кемелдікке жетті, соның арқасында Мекке мүшріктерінің зорлық-
зомбылықтарына сабырлық танытып, оларға қарғыс айтпады. Аллаһты 
барлығынан артық жақсы көргендіктен, ол жолда көрген қиыншылықты 
себеп қылып Аллаһқа шағымданбады.
3) Жанталасқан дүниенің күйбең тіршілігінен, көз тартатын 
қызықтарынан бір сәт жеке қалып ойланбайынша, адам өзінің бойындағы 
тәкаппарлық, кекшілдік, рия, дүниеқоңыздық, нәпсіқұмарлық секілді 
сипаттарын көре алмайды. Міне, осы рухани кеселдерден құтылу үшін пенде 
бір мезгіл жалғыз қалып, сәті келгенде жан- дүниесін таразылап, өз 
бойындағы жаман мінездерден арылдыратын белгілі күндері болғаны абзал. 
Алайда Ислам келмей тұрып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үңгірде жеке 
қалғаны секілді қарапайым адамның тау жағалап, елден жырақ кетуі, 
халықтан безінуі дұрыс емес. Басты мақсат ел ішінде жүріп-ақ халімізді 
түзету, рухани кемелдікке жету, ішкі жан-дүниемізді дұрыстау.Бұл шың үшін 
біреулері ұзақ уақыт отырып дұға жасаса, енді бірі ұзағынан түнгі құлшылық 
жасаған, ал кейбірі табиғаттың тылсымына зер салып, тәфәккүрге салынған. 
Бұл 
мәселе 
тасаууф 
ілімінде 
кеңінен 
қамтылған. 
Сондай-ақ 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үңгірде құлшылық қылуын Аллаһ қалаған, 
өйткені Бұхариде келген хадисте « Оған Хира үңгірінде қалу сүйдірілді ...» – 
деп келген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет