Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) өзіне пайғамбар жүгі артылатынын



Pdf көрінісі
бет21/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
19. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) өзіне пайғамбар жүгі артылатынын 
білген бе? 
Пайғамбарлық келмей тұрып уахи туралы ештеңе айтқан емес, өзіне 
елшілік міндеттелетінін білмеген. Құранда : «
Бұл кітаптың саған түсетінін 


күтпеген едің. Бұл – Раббыңнан келген бір мейірім
» («Қасас», сүресі 86) 
деп өзінің пайғамбар болатынын күтпегендігін және бұл таңдауды тек Аллаһ 
тағала жасайтынын нақты білдірген. Аллаһ қалағанын жаратады, қалағанын 
таңдайды. Пайғамбарлық міндет Аллаһ тағаланың барша адамдарға және 
таңдаған елшісіне жасаған мейірімі мен жақсылығы. Бұл мейірім тек қана 
Аллаһтың таңдалған құлдарына беріледі. Ол кездері соңғы пайғамбардың 
келетінін білген Исрайыл ұрпақтары мен арабтардың арасында 
пайғамбарлықты қалағандары, пайғамбарлықты Аллаһтан тілегендері көптеп 
кездесті. Алайда пайғамбарлық адамның емес Аллаһтың қалауында 
болғандықтан, бұл міндетті еш ойламаған, күтпеген Мұхаммедке (с.а.с.) 
берді.
Пайғамбар болмай тұрып өз басынан, кейбір байқалған жағдайлар да 
бар, бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) орын алған ерекше оқиғалардан әсерленіп, 
өзін бөлек сезініп, мен пайғамбар боламын деп айтпаған. Уахи келмей тұрып 
Расулаллаһ (с.а.с.) шынайы түс көретін. Түсінде көргендері өңінде 
орындалып, көз алдында айна-қатесіз қайталанатын. Осындай тылсым сырға 
(Пайғамбарлықтан 
бұрын болған ерекше оқиғалар «ирхасат» деп 
аталады)толы оқиғалардан кейін оңаша қалып ғибадат етуге деген 
құштарлығы арта түсті. Бірнеше күн қатарынан Хира үңгірінде оңаша қалып 
үздіксіз құлшылық етті. Бұл құлшылық жанына жағымды келді, рухының 
қалауы екенін білді. Анда-санда үйіне келіп тамағын алып, іле қайта кететін. 
Күн артынан күн өтіп мұнысы әдетке айналды.
Бірде әдеттегідей үңгірде отырған еді. Кенеттен періште пайда болып: 
«Оқы!» – деп бұйырды. «Мен оқи алмаймын», – дейді Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) үрейленіп. Осы ұлы оқиға ары қарай: «Мені шап беріп, қапсыра ұстап, 
жаным ауырғанша қысып барып қайта босатты да, «Оқы!» – деді. «Оқи 
алмаймын», – дедім. Қайта қысып тұрып, тағы да босатты. Сөйтіп тағы да 
«Оқы!» – деп бұйырды. «Мен оқи алмаймын», – дедім. Үшінші рет қысып 
барып босатты да: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет