Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран.
Аласартып асуын, өткелдерін,
Астыма әкеп төсейді көк белдерін.
Алып тауды бесік қып өсіпсің ғой,
Ғұмырым, керемет ең неткен менің!
Тербетіліп тауымның аясында,
Өсіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым, қоясың ба?
Әлде, тағы алдыма жаясың ба?
Тау менің несібіме тиіпті сирек,
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.
Ақсақалдар: - Таудай бол! -дейтін
Таудай болғым келеді, биік керек.
Қайран жандар
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4740&Itemid=23
Қайран біздің шешелер,
Арды ойлаған!
Шілік шауып, ши орып, бау байлаған.
Жігіттерден айрылып, қалмай қараң, Қырман басып, егін caп арба айдаған. Шалбарланып көйлегін, Шарт буынып, Шаруаның қостарын тартты буып. Қауіп төнсе, Қызғаншақ жолбарыстай, Атылатын жауына жалт бұрылып. Ұйықтамайтын, Тек қана көз ілетін, Көзін ілсе, ерімен кезігетін. Әйелдігін ұмытып күні бойы, Түнде ғана, Жатарда сезінетін. Қайран біздің жеңгейлер! Өскен ерен, Егін орып, бау байлап, дестелеген. Алақандай ақ шытқа мұңын шағып. Хат жазатын, кешкісін, кестеменен. Қарайып, кешегі аппақ маңдайлары, Аңызақта қаңситын таңдайлары. Көздерінде тұратын Күндерімнің Көктегені даланың сарғайғаны. Қайран біздің өмірдің - балқаймағы Бір бұйымы - бір үйге мұра болар, Қайран біздің Атайлар - Ғұламалар Алғыс айтып, тәңірге қарғыс айтып, Айдалада, аулақта жылап алар. Жылап алып, Қайтадан қуаттанып, Егінжайға келетін бұлақты алып. Тоқтап қалған тірліктің машинасын Жүргізетін, бір жерін бұрап қалып. Қайран жандар! Қайран жандар!..
Міне тағы ашу келіп, алқымыма тығылды, Ақылымның есігінен аттайф бере жығылды. Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап, |
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды. Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім, Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім. Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма, Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің. Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын, Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын. Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын, Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын. Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр, Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр. Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал, Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр! (adebiet kz) Т. АйбергеновАдамдарhttp://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=3177&Itemid=23
|