Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет55/56
Дата22.05.2018
өлшемі6,79 Mb.
#40605
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

Бөриев




 БАУЫРЖАН


http://balalar.ucoz.com/publ/gimeler/bauyrzhan/14-1-0-401

Тоған басында ойнап жүр едiк, бiр бала:

Қараңдаршы, Қарақұл атаның үйiнде той болып жатыр, – дедi.Жалт қарадық. Қарақұл ата үйiнiң жаны ығы-жығы. Ат айқаса байланып, машиналар тiзiлiп тұр.

– Кеттiк! – деп, киiмiмiздi жүгiре жолай киiп келемiз. Жол бойында үлкен кiсiлерден:

– Бауыржан келiптi! Бауыржанды көрейiк, – дегендi естiп қалдық. Аты аңызға айналған, кiтаптан оқыған батырды көргенше асықтық. Асығып келсек те үйге кiре алмадық. Үлкендер жол бермейдi, Қарақұл ата сыртқа шықты. Жүзi жайдары.

– Қарақтарым-ау, бiздiң Бауыржанды көрдiңдер ме? Тез ертiп келе қойыңдаршы.

Қарақұл атаның Бауыржаны төменгi ескi сарайда шымшық ұяларынан балапан алып жүр екен. Ойынды қимай, әзер келдi. Оған iлесiп iшке зып бердiм. Төрде қырандай қомданып, бурка жамылған бiр кiсi отыр. Айбатты, түсi суық.

– Батыр ағаңа сәлем бер, – дедi Қарақұл ата баласына. Өзi батырдың оң жағында отыр. Ол кiсi Бауыржанның батырлығын жыр қып айтатын. Батырдың қарамағында әскерi болдым дегенде, аузымызды ашып қалатынбыз. Батырды жақсы көретiнi сонша, кенже ұлының атын Бауыржан деп қойған. Ендi, мiне, ол батырдың қасында тұр.
Е.Бақаш,

«Самопознание» журналы 11, 2011ж(26-27-беттер)
...«Қазақ радиосынан» алғыс айту туралы бағдарламаны тыңдап, қайран қалып едім. Сол бағдарламаға көптеген тыңдармандар қатысып, өз ойла- рын ортаға салып еді, ең соңында «Жақсылық жасадың ба?» деген тамаша өлеңді нэшіне келтіре оқыған журналист: «Адам баласы қамшының сабындай қысқа ғұмырында біріне- бірі құрметпен қарап, қолдан келген жақсылығын аямауды басты орынға қойғаны жөн» деп хабарын аяқтаған болатын. Міне, содан бері біраз жылдар өткенмен сол бағадарламаның бір сағат аясында көтерген мәселесі менің жүрегімнің төрінен ойып тұрып орын алды. Шынымен де біз алғысты қалай түсінеміз? Бір-бірімізге алғыс айтатын қандай жақсылықтар жасап жүрміз. Жақсылығы өз басынан артылмай жүрген пақырлар туралы не айтуға болады?!

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Әбу Сәрсенбаев атамызды бүгінгі таңда атағы таудай үлкен ақын-жазушыларымыздың көбі құрметпен еске алып, қэдір тұтады. Қазақ поэзиясының құбылысы Қуандык Шаңғытбаевтың өзі «Әбекең, Әбу Сәрсенбаевті әкемдей көремін» деп, ақындық ақжарма көңілмен, шынайы ниетпен құрметтеген екен. Қазақ өлеңінің ақша бұлты Қуандық інісіне ағалық қамқорлығын аямағанын, талантты інісі бір сәт есінен шығарып көрмегендіктен экесіндей қомқорына баласа керек.

Ұстаздың ықпалы жақсы болса, шэкірттің де болашағы нұрлы болатыны сөзсіз. Әбекеңнің қамқорлығына боленген Қуандық ақынның озі талай дарынға қамқор, жана- шыр аға бола білгені әдеби ортаның есінде болар...

¥лы жазушы Мұхтар Әуезов элде бір ағайындардың ортаға шөп салуынан ғалым інісі Мэлік Ғабдулинге өкпелеп, олардың арасында түсініспеушілік пайда болады. Басқа-басқа, Әуезовті ренжіткен жүрек жұтқан біреу шығар сірә. Белгілі ғалым ұлы суреткерге деген кұрметінің орасан екенін сыпайылықпен жеткізеді. Бірақ Мұхаң сене қоймайды. Содан соң ғалым «Қазақ әдебиетіне» бар мэн-жайды Мұхаңа түсіндіріп, мақала жариялайды. Мұны оқыған Әуезов, ғалым інісінің тазалығына тэнті болып, күнәсіз екенін түсініп, Мэлік Ғабдулинді жұбайымен үйіне қонаққа шақырып, қазақ халқының тұтас бір дәуірін суреттеген әлемге эйгілі «Абай жолы» романын «Кірбіңі кеткен көңілмен!» деген қолтаңбамен інісіне сыйлаған екен. Кінэсіз ғалым сөйтіп, ұлы жазушының құрметті қонағы болып, алғысын алыпты.



Бұның бэрін не үшін тәптіштеп айтып отырмыз. Себебі, ұлы тұлғаның кез келген істе үлгі-өнегесі бізге үлкен сабақ екенін түсініп, сезіну үшін.


Балтабай Әділов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет