Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


ІV. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР



бет119/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   292
ІV. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР


БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ
ЖАС ҰРПАҚҚА АЙТАР СӨЗІ:

Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ! Әр әке балам бақытты болса екен, үрім-бұтағым үзілмесе екен деп тілейді. Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп, біз сендерге бақыт әпердік, жас ұрпақ. Ол – қазіргі кең жазира Отаның сенің. Өйткені – Отансыз өмір, онсыз қуаныш жоқ. Соны көздің қарашығындай сақтаңдар. Елді, жерді, қоғамды сақтап қалу – сенің борышың, алғы ұрпақ.


Ұзын бой қысқарады, үлкен дене кішірейеді, адам ақыры өледі. Ол – табиғат заңы. Адам өлгенімен, оның еңбегі өлмейді. Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады. Өткен Отан соғысында он тоғыз-жиырма жасар азаматтар ерекше ерлік көрсетті. Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашан да әзір болу керек.
Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, сол ата-анадан бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Үйде бауырмал болмаған, түзде интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей екенін жастар ажырата білуі шарт.
Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата-анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны - өз үйі.
Патриотизм – «Отаным, сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін» -деп құрғақ сөзді гүмпілдете беру емес. Ол – формализм. Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ болып өседі. Іс деген осы, патриотизм осыдан басталады.
Жастардың Отан қорғау қызметін атқарып қайтуы – адамгершіліктің ең асыл парызы. Ал еңбекшілдік, білімділік, тәртіптілік, тәлімділік, шыдамдылық – армия үшін ең қажет қасиет. Әскерде басбұзарлыққа орын жоқ. Өйткені оның қолында елдің тағдыры – қуатты техника бар. Ал жауынгердің ол техниканы тастап қыдырып, қыз қуалап, арақ аңдып, қаңғып кетуіне болмайды.
Жастар араққа үйір болмауы керек. Арақ адамгершіліктің, азаматтықтың, ақылдың жауы. Арақ азғындыққа жетелейді. Араққа бір үйреніп алсаң, одан қашып құтыла алмайсың. Ең алдымен осыдан сақтану керек. Арақ – адамның ішкі жауы. Сыртқы жауды техниканың күшімен құртуға болады. Ал ішкі жауды ешқандай ракетамен атып түсіре алмайсың. Нәпсіқұмарлыққа бір салынып алсаң, оны тоқтатуға ғылымның да, білімнің де шамасы жетпейді.
Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естисің бе менің үнімді, жете ме саған менің дауысым? Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көп ұлтты Отанымыздың болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар. Ол – Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер! – деген сөз. Ол – халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар! – деген сөз.
(Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог. Екінші басылым. Алматы, «Жазушы», 1978. 360 бет. 348-349 беттер)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет