Даналық әлдеқайда құнды асыл тастан
Қандай бақытты даналықты тапқан адам,
Ақыл-парасатты иемденген әрбір жан!
Өйткені оған қол жеткізу күмістен құнды,
Алтыннан жоғары оның берер пайдасы.
Даналық әлдеқайда құнды асыл тастан,
Құмартқан ешбір нәрсең тең келмес оған.
Ол саған берер ұзақ ғұмыр – оң қолында,
Һәм байлық пен қадір-құрмет-сол қолында.
Даналық ұнамды жолдармен жүргізер,
Соқпақтары адамды тыныштыққа жеткізер.
Ие болғанға даналық – өмірдің ағашы,
Оны мықтап ұстанған әркім қандай бақытты!
Жердің негізін жаратқан салды даналықпен,
Аспанды мықтап орнатты ақыл-парасатпен.
Оның даналығымен терең көздер ашылды,
Һәм аспандағы бұлттардан жауын жауа бастады.
Ей, балам, мыналарды назарыңнан тайдырма:
Дұрыс ой мен естелікті сақтап жүр әр уақытта,
Олар шынайы өмірге жаныңды кенелтер,
Мойынға таққан моншақтай сені көркейтер.
Сонда өмір жолыңда алаңсыз жүрерсің
Аяғың тайып, сүрініп те кетпессің.
Төсекте жатқанда ешқандай қамықпассың,
Кенеттен келер апаттан қорықпассың,
Зұлымдардың күйреуінен қаймықпассың,
Өйткені Жаратқан сүйенішің болар,
Жүрген өмір жолыңда тұзақтан сақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |