Талапты ер жалықпас,
Талапсыз өмір жарытпас,
Еңбекпен барлық қажетің табылар,
Еңбексіз ер қызықтан да жалығар.
Біліммен адам толығар,
Білімі оны зор қылар...
Ақылымен ғана адам хайуаннан ажырар,
Ақылымен ғана ер әділет үшін
Құрбандыққа шалынар.
***
Құр тоздырып нұрлы жүздің жылуын,
Іздей көрме қыздың асқан сұлуын.
Ей, жас жігіт, жар таңдаған біледі,
Құр сұлуды іздесең, жұрт күледі.
Әйел алсаң, терт рудан алысты ал,
Ол болмаса, ей, азамат, қалыс қал.
Байлық қуған әйел тілі ұзарар,
Мүлік жинап, екі көзі «қызарар».
Ақылды әйел мал да жияр, өндірер,
Байып алып, өзіне де өң кірер.
Пейілді әйел, көрікті де текті ғой,
«Әйел көркі – қылығында» депті ғой.
Қолөнершілерлен қалай қатысу жөні
Қолөнерші қолдарында түрлі өнер,
Қолөнерін пайдаланып, күн көрер.
Бүлар да бір ең қажетті кісілер,
Жақын жүргін, көп-көп пайда түсірер.
Темірші, етікші, балташы, терішілер,
Сыршы, зергер, садақшы, жебешілер.
Бұл дүние ғажабын істейтұғын осылар,
Өнердің кереметтерін істейтұғын осылар.
Таусылмайды санын тізсең олардың,
Аңғар өзің. Мен сөзімді доғардым.
Араласып, түсінісіп жүрерсің,
Сүйіндірсең, сүйінішті өмір сүрерсің.
Ісіңді істеп берсе, қайтар құнын тез,
Ішкіз-жегіз, мол ауқат бер, сырын сез.
Елге даттап, ары текке күймесін,
Өзіңді ойла, атыңа шаң тимесін.
Жақсы айтыпты білікті бір сөзінде,
Мейірлі елге адал болған өзі де:
«Тірлік емес, ізгі ат тіле – тілесең,
Ізгі атың – тірлігің ол, білесің!
Өзің өлсең, тастап ақыр атыңды,
Атың ізгі болса – тірлік татымды!
Кімнің аты кірлей түссе – аштырақ,
Болғанынан болмағаны жақсырақ!
Өмірің емес, атыңмен шық арындап,
Жақсылықпен атың шығар жалындап!»
Достарыңызбен бөлісу: |