Төзімділік
Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж 75-76-б
Пайғамбар заманында аузынан Алласы түспейтін Умм’ Абу- аллах ecімдi әйел жэне оның он сегізге келген ұлы болған. Аяқ астынан баласы безгек дертіне душар болып, қайтыс болады. Баласынан айрылган ана былай зарлады:
«Сұраңдар менен: не сезінем
мынау халде басқа түскен, айтайын,
Жүрегімнің өзегінен жарылып,
төгілер қара қан жүз бұлақ боп».
Бірақ әйел осы қайғыны жұмыстан қалжырап қайтатын еріне қалай естіртсем екен деп қиналды. Kүйеуі келіп, баласын сұрағанда, ол: «Бала ұйықтап жатыр, оны оятпа», — дейді. Әйелі еріне кешкі асын берді, әйелімен ұйықтап тұрды. Таңертеңінде әйелі: «Кеше кешкілік мен бір қолайсыз жағдайдың куәсі болдым. Біздің көршілерге сақтап қоюга берген заттың иесі қайтадан алып кетсе, олар жылап- сықтап, бергісі келмей, «жалынды». Буған күйеуі айтты: «Көршілеріміз надан екен, олар өздеріне берілген міндеттерінен құтылған жоқ па?» Сонда гана әйелі баласының қайтыс болғанын еріне естіртті. Epi әйелінің төзімділігіне таң калып, ауыр қайғыны жеңуге медет етті.
Достарыңызбен бөлісу: |